«Туған өлкемізге көктем келді!» атты асыға күткен демалыс

Биологиялық орталықтың жас натуралистеріне «Туған өлкемізге көктем келді!» атты көктемгі демалыс көңілді және танымды өтті. Тірі табиғат аясында 780-нен астам бала демалып, экология және биология пәндері бойынша білімдерін жетілдірді.

Жас натуралистерге экологиялық және мәдени іс-шаралар, көктемгі табиғат аясында әр түрлі бағыттағы танымжорықтар жүргізілді. Балалар өз көздерімен ағаш шырының қозғалысын, өсімдіктердің көктемгі құбылысын  және көктемнің алғашқы белгілерін зерттеді. Танымжорық барысында оқушылар көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы әсер алды.

Халықаралық орман және жер, су ресурстары күніне арналған «Жер- біздің ортақ үйіміз» атты іс-шара барысында жас натуралистер туған өлкенің экологиялық өзекті мәселелерін талқылап, қоршаған ортаны қорғаудың  шешу жолдары көрсетілген палакаттар жасап қорғады. Үйде, тұрмыстық жағдайда суды, электр қуатын үнемдеуді, табиғат аясында дем алғанда тазалықты сақтау туралы ақыл-кеңестермен бөлісті.

Сондай-ақ орталықтың жас натуралистері Ұлыстың ұлы күні «Қош, келдің әз Наурыз!» мейрамын атап өтті. Мерекеде ән айтып, би билеп,  ұлттық тағамдардың түрлерімен жиналғандарды таныстырды.

Бірінші сәуір халықаралық құстар күніне орай  «Құстарға қамқор болайық» атты  қыстайтын құстарды қоректендіру науқанының қорытындысы шығарылып үйірмелердің жылдық рейтінгісіне енгізілді.

Балалар 2022 жыл құсы бұлбұл туралы  қызықты деректермен бөлісіп, мұғалімдердің, ата-аналардың көмегімен жасаған құс үйлерін орталық аумағына орнатып жыл құстарын қарсы алды.

Жас натуралистердің көптен күткен көктемгі демалыстары мазмұнды, көңілді және танымды өтті. Енді олар биологиялық орталықтың жазғы лагерін асыға күтуде.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.