«Менің экомектебім» акциясын жас экологтар мен биологтар бастап кетті

«Біздің табиғат бұрышымызды тазартайық!» атты ұранмен 7 сәуір күні биологиялық орталықтың аумағында көктемгі санитарлық тазалау аясында дәстүрлі «Таза бейсенбі» акциясы өтті.

Бұл шараға биологиялық орталықтың бүкіл ұжымы мен жас натуралистері қатысты. Аумақтағы барлық бөлімшелер мен жеміс-жидек бақшасы толығымен тазартылды.

Қысқы павильоннан жыртқыш құстарды, суда жүзетін құстарды, сәндік құстарды жазғы вольерге көшіру жұмыстары жүргізілді.  Акция сәуір айы бойы жалғасады. Қала тұрғындарын табиғатты аялап, айналаны тазалықта сақтауды сұраймыз.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.