Біз таза қала үшін!

Қазіргі заманда экология тазалығы – бүкіл адамзаттың өзекті мәселесі болып тұр. Жер бетіндегі көптеген қалалар жылдан жылға қоқыс үйіндісіне айналып барады. Оның басты себебі – адамдардың табиғат сыйы: ауа, топырақ, су және өсімдіктердің құндылығын бағаламауы.

Барлығы қаланың таза көшелерінде, құлпырған аллеялар мен жасыл саябақтарда қыдыруды ұнатады. Ал олардың тазалығы әрбіреуімізге байланысты. Кімде-кім болсын таза қалада тұрғысы келеді және қоқыстың зияндығын біледі. Тікелей айтсақ, қоқыс дегеніміз қаланың және қоғамның дерті. Әрбір түсінігі мол адам өзін, отбасын, балаларын осы аурудан қорғағысы келеді. Түсіне тұра екінің бірі қоқыстан арылудың жолын іздемейді. Қаламыздың тазалығы үшін не істеуіміз керек? Айналамызда темекінің қалдығы, кәмпиттердің қағазы, пластик бутылкалар шашылып жатпау үшін қандай амал қолдануымыз керек? Біз балаларымызға әлемді таза күйінде қалдыруымыз үшін қаланың тазалығын сақтауға тиістіміз. Балалар үшін Жер шарының тазалығы қажет. Жол бойында қоқыстар шашылып, әрбір бұрышта сыраның бос сауыттары  жатпауы керек. Себебі балаларымыз Жер жаһанды таза ұстауды бізден үйреніп, біздің жақсы қасиеттерімізді бойларына сіңірулері керек.

Көктем келісімен қала тұрғындары, оқушылар және ата-аналар қаланың экологиялық жағдайына көңілдерін аудару үшін биологиялық орталық  қала және қала маңайындағы мектеп оқушылары арасында «Біз таза қала үшін!» деген фото-байқау жариялады. Осы байқауға балалар қаланың ең кір жерлерін суретке түсіріп, қала тұрғындарын санитарлық жағдайына назар аударуға шақырды. Акцияға қала мен қала маңайындағы 32 мектептің 9 мыңдай оқушылары қатысты. Олар мектеп аумағы, өздері тұратын үйлердің ауласы мен төңірегін жинады. Акцияның қорытындысы бойынша №12, 18, 35 және 44 жалпы білім беретін мектептер белсенділік танытты, олар 3-4 гектардан артық жерді тазалады. Айта кететін жайт, әсіресе қыстан шыққан мезгілде, жеке секторда тұратын үйлердің тұрғындары қоқыс-қалдықтарды ойланбастан жан-жағына шашып, лақтырып тастайды, ал балалар мен педагогтар болса осы қоқыстарды жинайды. Өздеріңіз тұратын үйлеріңіздің ауласы мен төңірегіне қоқысты тастамаңыздар, себебі жеткіншек жасөспірімдер осы ластанған ауамен дем алады, аулада ойнайды.

Біз барлықтарыңызды тазалыққа шақырамыз!

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.