Республикалық біліктілікті арттыру курстары басталды

2022 жылғы 17-29 қазан аралығында күндізгі форматта Абай облысы Семей қаласының Облыстық балалар биологиялық орталығының базасында қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтары мен мамандары үшін «Қосымша білім беру арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру әдістері» тақырыбында біліктілікті арттырудың республикалық курстары өтеді. Курстарды ҚР Оқу-ағарту министрлігі тапсырысы бойынша «РҚББОӘО» РМҚК ұйымдастырды.

Ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының көркемдік-эстетикалық бағыты бөлімінің басшысы Калимбекова Дина Калимбековна сөз сөйледі, курс тыңдаушыларын сабақ кестесімен таныстырды, ұйымдастыру жиналысын өткізді.

Республикалық курстар екі топта өтеді: 25 қатысушы қазақ тілінде, 25 қатысушы орыс тілінде.

Бірінші дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беру: жай-күйі мен даму перспективалары туралы «Шығыс Қазақстан облысының «Дарын» дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» директорының м.а. Оспанова Светлана Сагидоллаевна сөз сөйледі. Тыңдаушыларды қосымша білім берудің негізгі аспектілерімен, үйірме қызметі саласындағы жұмыс тәжірибесімен таныстырды.

Қазақ тобындағы екінші дәрісте Абай облысы Семей қаласының Облыстық балалар биологиялық орталығы директорының оқу – тәрбие  жөніндегі орынбасары Айгерим Талгатовна Елемесова, орыс тілінде  Облыстық балалар биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы Наталья Сергеевна Ходакова сөз сөйледі. Абай облысының отбасыларын, тыңдаушыларды мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында Қазақстанда экологиялық тәрбиенің қалыптасу тарихымен таныстырды, биологиялық орталықтың флорасы мен фаунасын таныстыру мақсатында бөлімдер бойынша танымдық экскурсия өткізді.

Келесі дәріс Семей қаласының КЕАҚ «Шәкәрім атындағы университетінде»  ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының КЕАҚ «Шәкәрім атындағы университеті» жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы Полевик Василий Владимирович орыс тобында, қазақ тобында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Райгуль Алимгазовна Садыкова баяндама жасады. Экологиялық апаттар. Балаларға үздіксіз экологиялық білім беруді жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Тыңдаушылар белсенді қатысты.









Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.