Облыстық балалар биологиялық орталығының дарынды балаларын құттықтау

2019 жылдың 7- мамыры күні Семей қаласында дарынды оқушылардың халықаралық, республикалық және облыстық шығырмашылық байқаулары жеңімпаздарының мерекелік шеруі өтті.

Облыстық биологиялық орталықтың жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Халықаралық «Я- энциклопедия» байқауының жеңімпаздары Бергенова Карина және Даулетханова Аружан, Алматы қаласында өткен мектеп оқушылары, студенттер және жас зерттеушілер арасындағы «Болашақтың ғалымдары» атты 2- халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясының жүлдегері Тусупаева Жибек, колледж және мектеп оқушыларының «Оқушылардың білімі мен бастамасы- еліміздің серпінді даму қызметіне арналады» деген 14- аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жүлдегері Зейнулла Нурай, қашықтықтан өткізілген республикалық «Туған өлкемнің жолдары» номинациясындағы «Менің Отаным-Қазақстан» байқауының жеңімпазы  Мироненко Анастасия, қашықтықтан өткізілген республикалық «Күз көріністері» байқауының жеңімпазы Дуйсенова Аяулым, облыстық «Дарын» орталығы желісіндегі оқушылардың облыстық ғылыми  жобалар байқауының жүлдегерлері Жерздева Екатерина және Киякпаева Дильназ естелік төсбелгілерімен марапатталды.

Жеңімпаздар мен қонақтарға арналып концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.