Күндізгі уақыттағы жазғы экологиялық лагерь

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
ҚҰРМЕТТІ ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР!
СЕНДЕРДІ КҮНДІЗГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАЗҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЛАГЕРЬГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!


Жазғы лагерьдің тарихы 2002 жылдан басталды, жыл сайын лагерьде 600-ден астам оқушылар белсенді дем алып, оқу бағдарламасымен, үйірмелер мен секциялардағы материалдармен танысады.
Экологиялық лагерьдегі сабақ барысында балалар табиғаттың маусымдық құбылысына фенологиялық бақылау жүргізеді, биологиялық бөлімдердегі жануарлар мен өсімдіктерге тәжірибелер мен эксперименттер жасайды, өздігінен биология курсы бойынша жазғы тапсырмаларын орындап, табиғи ғылым пәндері бойынша білімдерін толықтырады.
Мектеп оқушылары үшін таза ауада қызықты қимыл ойындары, табиғат аясына танымжорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырылады, биологиялық және экологиялық бағыттағы викториналар, байқаулар, пікірсайыстар өткізіледі. Балалар көңілдерін көтеріп, жаздың ғажайып сұлулығына бөленеді және туған өлкесі туралы білімдерің тереңдетеді.

Жолдаманың құны: тегін
Ауысым кестесі:
1- ауысым — 03.06-14.06.2019 ж., № 1, № 4, № 15 орта мектептер.
2-ауысым — 17.06-28.06.2019 ж., № 38, № 28, № 41 орта мектептер.
3- ауысым — 01.07-12.07.2019 ж., № 18, № 3, № 44 орта мектептер.
4- ауысым — 22.07- 02.08.2019 ж., № 10, № 20, № 31 орта мектептер.
5- ауысым — 05.08-16.08.2019 ж., № 10, № 31, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия.

Биологиялық орталық базасындағы лагерьге қажет құжаттардың тізімі: 1) ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші (еркін нысандағы);
2) баланы куәландыратын жеке құжат (туу туралы куәлігінің көшірмесі);
3) денсаулығы туралы анықтама.
Балалардың жазғы уақытын қызықты
және есте қаларлықтай өткізейік!!!
Анықтамалар үшін байланыс телефондары: 36-16-84, 56-84-53

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.