Саябақтар маршы – 2023

27 сәуірде «Семей Орманы» МОТР РММ 20 жылдығына және Семей қаласының «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Саябақтар маршы – 2023» табиғатты қорғау акциясы аясында бірлескен іс – шара өтті.

Акцияның мақсаты: экологиялық мәдениетті үйлесімді дамыту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, оқу орындарының және жергілікті халықтың өзара әрекеттесу механизмін құру, қоғамның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға деген оң көзқарасын қалыптастыру, қоғамды қоршаған ортаны қорғау және экологиялық сананы арттыру

Балалар үшін биологиялық орталыққа экскурсия, сондай-ақ станциялар бойынша зияткерлік-танымдық квесттер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың қысқаша баяндамалары ұсынылды: «Исток», «Ертіс орманы»  мектеп орманшылығы, «Облыстық балалар биологиялық орталығы», «Семей орманы» мектеп орманшылығы. Содан кейін практикалық бөлімде қатысушылар Чернобыль ардагерлерімен және «Семей орманы» орман резерватының инспекторларымен бірлесіп  биологиялық орталықтың аумағында шыршалар отырғызды.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.