Табиғаттың досы бол!

Биылғы жылы облыстық балалар биологиялық орталығында «Табиғаттың досы бол» деген атаумен экологиялық бейінді лагерь дәстүрлі түрде есігін ашты. Жыл сайын көпшіліктің көңілінен шыққан лагерь, тірі табиғатқа ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын балаларды қуанышпен қарсы алуда. Өткен жұмыс жылдарында көптеген ойын-күлкі, ұмтылмас естеліктер қалды, балалардың тірі табиғат арқылы ғылымға деген алғашқы қадамдары да осы лагерьде басталды.

Лагерь ойын-сауықпен қатар туған өлкемізді тануға, зерттеп- бақылауға, балалар мерекелері мен маңызды экологиялық күндерді атап өтеуге бағытталған.

Лагерьдің ашылуы эколог және биология қызметкерлерінің «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні», «Экологтар күні», «Дүниежүзілік мұхит күні» мерекелерімен тұспа-тұс келді. Осы орайда жалпы білім беретін №1, №4, №15 мектептерінің 140-тан астам оқушылары іс-шараларға қатысты. Бағдарламада қатысушылар жеребе тастау арқылы судың ластануы, табиғи су көзін тиімсіз пайдалану, айналаған қоршаны тұрмыстық қалдықтармен ластау және тағы да осы сияқты экологиялық мәселелер туралы бағыттарды бөліп алды. Таңдалған тақырыптар бойынша балалар табиғатты мәпелеуге ұрандаған ақпараттық плакаттар дайындады. Қазіргі күнде лагерьде «Орманшы және оның табиғатты сүйетін достары» атты екінші ауысымы басталды, балалар жазғы бос уақытын өздеріне де және табиғатқа да пайдалы өткізуде.

Жаз маусымында 600-ден аса қала және қаланың маңайындағы оқушылар лагерьде дем алады. Алдағы уақытта оларды көптеген ғажайып байқаулар, экскурсиялар, танымжорықтар, ойын-сауық пен қызықты жаңалықтар күтуде.

 

 Нұсқамалық-әдістеме бөлімінің меңгерушісі

 Ирина Игоревна Зайкина

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.