Биологиялық орталыққа 85 жыл!

2023 жылдың 1 желтоқсан күні  Семей қаласының биологиялық орталығы 85 жылдық мерейтойын атап өтті.

1938 жылы жануарлардың бірнеше түрін ғана ұстайтын алғашқы шағын биологиялық станция болып ашылған, ал бүгінгі күні ашық аспан астындағы оқу – зерттеу зертханасы болып табылады.

Іс-шараның ашылуында «Қуаныш» балабақшасының жасөспірімдері музыкалық сыйлық ретінде «Туған жер» әнін орындады,  сондай-ақ “Бөлме гүлін өсіру» үйірмесінің тәрбиеленушілері құттықтау өлеңдерін оқыды.

Мерекеге орай биологиялық орталықтың әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесінің шешімімен орталықтың 85 жылдық мерей тойлық төс белгісімен еңбек ардагерлер, демеушілер, он жылдан астам жұмыс істеген ұжым мүшелерін марапаттады.

Биологиялық орталықтың директоры Масалимов Сейсен Ешенгазинович биологиялық орталықтың мерейтойы аясында Дядов Валерий Николаевичті бір минут үнсіздікпен еске алды, сонымен қатар  орталық аумағында мемориалдық тақтаның ашылуы болып,  гүл шоқтары қойылды.

Абай облысының әкімі Н. Т.  Уранхаев биологиялық орталық ұжымына материалдық – техникалық базаны жақсартуға 10 000 000 теңге сомасына сыйлық сертификатын табыс етті.

Орталық ұжымы қонақтарға, ардагерлерге, демеушілерге биологиялық орталықтың 85 жылдық мерейтойға келіп, қатысқандары үшін шын жүректен алғысын білдіреді!

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.