Жаз мезгілі- балалардың қуанышы!
Жаз келісімен балалар биологиялық орталығы жазғы лагерь жұмысын бастайды, лагерьде Семей қаласының және қала маңайындағы жалпы білім беретін 15 мектептерінің 600-ден астам оқушылары дем алады. Лагерьге келген оқушылар табиғат әлемі билік жүргізетін ортаға тап болғандай әсерде болады, күнделікті қала автокөліктерінің шуының орнына құстардың тамылжыған әні мен табиғат әуенін тамашалайды.
Балалар санасындағы табиғат әлемінің сұлулығы мен нәзік сезімін оятуға, табиғатқа қамқоршы болуға жеке жауапкершілігін арттыруға жағдай туғызады..
Орталықта ұйымдастырылған экологиялық-биологиялық аумақта өткен әрбір күннің өз ерекшілігі бар. Әр ауысымдағы отрядтарға түрлі атаулар беріледі. Мәселен, бірінші «Орманшы және оның табиғаттағы адал достары» ауысымында «Эдельвейс», «Күншуақ», «Табиғат әуесқойлары», «Сұңқар», «Тұлпар» деген отрядтар табиғаттың флорасы мен фаунасын зерттеді. Бұл ауысымның басты кейіпкері Орманшы болды және ол күнде таңертең балаларды қарсы алып, отрядтарға қызықты тапсырмалар беріп отырды. Балалар өсімдіктердің өсу құбылысын, биологиялық орталықтың зоологиялық базасындағы 90-нан аса түрі бар 500-ден астам жануарлар мен құстарды үлкен қызығушылықпен бақылады. Сондай-ақ оқушылар өсімдіктерді баптап күту, әртүрлі дақылдарың агротехникалық әдістері бойынша дәріс алды. Осы мақсатта орталықта оқу-тәжірибе үлескесі, дендрологиялық, дәрілік, әсемдік гүлдер бөлімі және жеміс-жидек бау-бақшасы бар. Лагерьдегі өмір қызықты оқиғаларға толы: кіші олимпиада ойындары, жер шары саяхаты, байлық қазынасын іздеу, үнді хикаялары. Осының барлығы әр мектептен келген балалардың бір-бірімен танысуына, өздерінің спорттық күштерін сынауға, биологиядан, географиядан, тарихтан жаңа білім ала отырып, көңілді және қызықты дем алуларына көмектеседі.
Күнделікті балалар танымдық және ойын-сауық көпшілік іс-шараларына қатысады. «Өз жұлдызыңды жарқырат» сайысында балалар таланттарын көрсетеді: билейді, өлең айтады, қойылымдар мен сиқырлар көрсетеді. Кейбір іс-шаралар орталық аумағынан тыс жерде өткізіледі. Солардың бірі «Үлкен табиғаттың кіші құпиясы», оқушылар бағыт қағаздары бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындайды, қазына іздеп ұпай жинайды. Олардың жолында Мыстан кемпір, су құбыжығы кезігіп, оларды шошытып, әртүрлі жұмбақтар қояды.
Экологиялық лагерь – табиғатты танып білетін ғажайып әлемдегі өмір. Тәрбиенушілердің жазғы табиғатпен түстес жасыл туы және өзінің гимні бар. «Табиғатты сақтаймыз және қорғаймыз» тақырыбына арналған сайыста балалар суреттер салады, тақпақ-өлеңдер шығарады. Күнделікті лагерьде рейтинг жүйесі жүргізіледі. Өзін-өзі басқару, белсенділігі мен жаппай қатысу көрсеткіштеріне байланысты балдар қойылады. Маусым кезеңінде 5 отрядтың 140 балалары сайысқа түседі. Ауысымның аяғында қорытынды шығарылып, үздік қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталады. Лагерь ауысымы жабыларда табиғат аясында үлкен жорықтар мен қызықты ойындар ұйымдастырылады.
Лагерьдің 5 маусымы кезеңінде жас натуралистер үшін көшпелі экспедиция апталығы ұйымдастырылады. Бұл шара оқушылардың әр түрлі табиғат жағдайындағы экологиялық бақылау мен білімдегі бірінші қадамдары болып саналады. Экспедиция- әр жазғы маусымның орталық оқиғасы. Экспедиция құрамына зерттеу жұмыстарында мол тәжірибесі мен білімдері бар тәрбиенушілер кіреді. Сондықтан оқу жылында әр жас натуралист оқу-зерттеу экспедиция құрамына кіруге ұмтылады. Жас натуралистердің көпшілігі үйірмелерге бірнеше жыл қатысып жүрген оқушылар. Экспедиция барысында бай материал жинақтауға мүмкіндік бар және келешекте жас натуралистердің зерттеу жұмыстарының негізі бола алады.
Көшпелі оқу-зерттеу экспедициясының педагогикалық ұжымы белгілі тақырыптағы әдістемелері мен жеке жұмыс жоспары бар қосымша білім беретін педагогтардан құралады. Биылғы жылы экспедиция шілденің 15-19 аралығында ұйымдастырылады, оған 15 жас натуралист және қосымша білім беретін 8 педагог кіреді. Экспедиция жүргізу үшін Семей қаласының маңайындағы Кенжебай ауылы, қарағайлы орманда орналасқан Ескі қорған табиғи кешені және Қазақ ұсақ шоқысы аудандары көзделіп отыр. Экспедиция барысында жас натуралистер топырақтың физикалық – географиялық орналасуын, құрамы мен қышқылдығын, өсімдіктердің түрлік әртүрлілігін, орнитофаунаны, энтомофаунаны зерттейді. Қажетті материалдарды жинап, экспедиция қатысушылары оларды өңдейді,есеп түрінде рәсімдейді, гербарийлер мен топтамалар дайындайды, осы зерттеулер жазғы экологиялық лагерьдің төртінші маусымында қатысатын тәрбиеленушілерге ұсынылатын болады. Үздік жұмыстар оқушылар арасындағы өтетін қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға бағытталатын болады.
Былтырғы жылы 4 тәрбиеленуші ғылыми жұмыстарын тәжірибелік материалдармен толықтырып келесі конференцияларға қатысты: Тусупаева Жибек Алматы қаласында өткен оқушылар, студеннтер мен жас зерттеушілер арасындағы «Болашақ ғалымдар» деген 2- Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясының жүлдегері; Зейнулла Нурай «Оқушылардың білімі мен бастамасы-елдің қарқынды даму қызметіне» атты колледж және білім беру мектептері оқушыларының 14 – аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясының жүлдегері; Жердзева Екатерина мен Киякпаева Дильназ «Дарын» орталығы желісі бойынша «Облыстық оқушылардың ғылыми жобалар» байқауының жүлдегерлері атанды. Бізді қоршаған сұлулықтан, хош иісті гүлдерден рахат ала отырып, жас натуралистер әр қадамындағы өсімдік әлемінің алуан түрлеріне таңғажайып болуда, ал тәлімгерлер болса өсіп келе жатқан жеткіншектерге өз көздерімен көрген Жасыл ел әлемі нәзік тіршілік екенін, табиғатты жақсы көру үшін оны оқып білу керектігін түсіндіруге тырысады.
Нұсқамалық-әдістеме бөлімінің меңгерушісі
Ирина Игоревна Зайкина
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





