2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Турганбаевнаның Абай облысына жұмыс сапарымен келуіне байланысты, облыстық балалар биологиялық орталығының базасында кездесу өтті.
Орталық директоры Масалимов Сейсен Ешенғазыұлы орталық аумағы бойынша ауқымды танымжорық өткізіп, алдағы жоспарлар туралы таныстырды.
Қосымша білім беру педагогтері үйірмелердегі сабақтардың инклюзивті білім беру бойынша №3, №4, №5 арнайы мектеп – интернаттары мен  жалпы орта білім беру мектептерінің балаларымен ашық сабақтар өткізді.
Кездесу соңында диалог алаңында республика облыстарының өкілдері «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық жобасының бағдарламасы бойынша ұсыныстармен алмасты.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.