27 наурызда «Айқанат» облыстық олимпиадасының қатысушылары биологиялық орталыққа келді. Абай облысы Бесқарағай, Жарма, Аягөз аудандарының оқушылары орталық аумағына экскурсия жасағаны үшін үлкен алғыстарын білдірді. Балалар флора мен фаунаның таңғажайып әлемі туралы көптеген пайдалы ақпаратты білді, орталық жағдайындағы үй жануарларының өмірі туралы білімдерін толықтырды. Педагогтар, еріктілер мен қатысушылар биологиялық орталық қызметкерлеріне өздерінің орталық жайлы алған эмоциялары мен алғыстарын білдірді.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.