Биологиялық орталықта соңғы қоңырау өтті!
Семей қаласының балалар биологиялық орталығы оқу жылын қорытындылады, 756-дан астам тәрбиеленуші экологиялық-биологиялық бағыттағы 60 үйірмеде оқуын аяқтады. Оқу жылы бойы оқушылар жұмбақ жабайы табиғаттың қайталанбас әлеміне еніп үлгерді.
Экскурсиялар кезінде табиғатпен кездесу, үй жануарларымен және флора мен фаунаның таңғажайып әлемімен қарым-қатынас, туған өлкенің тарихын зерттеуден, қаланың көрікті жерлерімен танысудан алынған көптеген әсерлер қалды. Өткен оқу жылында жас натуралистер көптеген қызықты зерттеулер мен тәжірибелер жүргізді.
Бүгін, Орталықтың жас натуралистері жердің экологиялық мәселелерін шешу үшін алдымен туған өлкенің экологиялық жағдайын зерттеп, оның табиғатына ұқыпты қарауды үйрену керек екенін түсінеді.
Биология ғылымдарына аса ынталы балалар жыл бойы түрлі деңгейдегі конкурстарға және соңғы қоңырау мерекесіне қатысып, экологиялық-биологиялық бейіндегі қосымша білім беру бағдарламаларын игерудегі үздік жетістіктері және Орталықтың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 100-ге жуық тәрбиеленуші құрмет грамоталарымен марапатталды, ал 14 оқушыға «Жеңімпаздар – 2024» атағы берілді. Балалар грамоталармен, жеңімпаздар ленталарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, Абай облысының елшілері, оның ішінде биологиялық орталықтың жас натуралистері грамоталармен марапатталды.
Алдағы уақытта  биологиялық орталық қыздар мен ұлдарға арналған жазғы экологиялық лагерьдің есігін ашады. Біз барлықтарыңызды күтеміз!

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.