Биологиялық орталықтың тәрбиенушілері Аюлар күнін атап өтті
Семей қаласындағы биологиялық орталықтың ең танымал және сүйікті жануарлары – Боря мен Зита – Аю күнінің басты кейіпкерлері болды. Бұл мереке дәстүрлі түрде дүниежүзінде, қыс мезгілінде, 13 желтоқсанда атап өтіледі. Алайда, бұл уақытта біздің орталықтың маймақтары қысқы ұйқыда болады, осы жайт ескеріліп, мерекені балалардың күзгі демалысының бірінші күнінде атап өтуге шешім қабылданды. Оқушылар аюларға арнап көкөністер мен жемістерден әртүрлі тәтті тағамдар дайындады.
Балалар аюларды құнарлы да нәрлі тағамдармен қоректендірді. Қысқы ұйқыға кетер алдында аюларды жақсы тамақтандыру қажет, себебі ұзақ та суық қысты еңсеру үшін оларға күш-қуат керек.
Балалар арасында танымдық викторина ұйымдастырылды, онда олар жабайы табиғаттағы аюлардың түрлерін және сүйкімді маймақтар өміріндегі қызықты деректер туралы білімдерін толықтырды.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


