Күздің көз тартарлық көрінісі
Гүлдер – біздің өміріміздің сәні. Гүлдерді жақсы көріп, баптап-өсіретін адам ғана өсімдіктердің жанын түсінеді. Гүлдерге күтім көрсету- көп уақытты қажет ететін қажырлы еңбек. Олар жер бетіне тек сұлулық емес, сонымен қатар таза ауамен дем алуға мүмкіндік беретін жасыл табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан болар өсімдіктерді Жер жаһанының ауа тазартатын өкпесі деп те атайды.
Күзді қаншама ақындар жырлады десеңші- көбіне күздің соңғы қар аралас суығын емес, айнала алтын-қызғылт түске жамылған алғашқы тамаша кезеңдерін жырлаған.
Семей қаласының балалар биологиялық орталығында күзгі гүлдердің 45-ке жуық түрлері өседі: жаподық шығыс гүлі, хризантема, ақкекіре, канны, нарғызгүл, жұлдызгүл және тағы басқалары. Жаз кезіндей гүлдер көп болмаса да күзгі гүлдер сұрғылт мезгілді өзіндік сұлулығымен жандандырады. Барқыт гүлдері жаңа қарқынмен өсуін жалғастыруда, гүлзаданың ортасында «Гүлдер ханшайымы» раушан гүлдері орналасқан, айналасында күн сияқты жарқыраған сары тагетес гүлдері жайқалуда. Олар гүлденуін әлі аяқтамай, өздерінің бояуларымен қоршаған ортаға жағымды көңіл – күй сыйлап келеді. Ал гүлбақтың жиектастарын жағалай отырғызған аппақ нәзік гүлдер, күзгі күннің айналасын қоршаған ақша бұлттар тәріздес.
Биологиялық орталықтағы манжур жаңғағы ағашының жанында тамаша жапон гүлдері желбіреуде. Олардың әдемілігі ірі және тартымды түске боялған жарқын гүл шоғырының «жапырақшалары» арқасында, нағыз гүлдері — ұсақ, ұсқынсыз және көзге көрінбей терең жасырылынған. Осы ерекше бұталар орталыққа келушілер мен қала қонақтарының назарын өзіне аударады. Олар күнді аса қажет етпейтін гүлдерге жатады, сондықтан күн сәулесі азайған күз мезгілінде әдемі және ең сәнді түстермен гүлдейді. Гүл шоқтары гүл композицияларында, табиғи материалдан бұйымдар жасауда кеңінен қолданылады. Түстерінің алуан түрлілігі адамды таң қалдырады: ақ, сарғыш, немес қызғылт реңдері көзді талдырмай, бүкіл әлемді көркейте алады. Ең таңқаларлық нәрсе, егер топырақ қышқылдығын өзгертсе, гүл де бояуын өзгертеді: егер топырақ қалыпты қышқылда болса гүлдердің түсі қызғылт, ал қышқылдау болса гүлдері көгілдір түске боялады. Алайда, түсін өзгерту бұтаның көпжылдығына байланысты, отырғыза салысымен топырақтың қышқылын өзгерту арқылы гүлдер бояуларын өзгерте алмайды.
Хризантемалар- өте әдемі. Ақ, қызғылт және сары түсті ірі гүлдерімен қатар ұсақ, жапырлап гүлдейтін түрлері бар. Олар суыққа төзімді, тіпті бірінші аяздан кейін де гүлдеуге қабілетті. Қазан айының басында жапырақтары аздап солыды, ал гүлдері сол әдемі күйінде қалды. Хризантема өсімдігіне күтім аса қажет емес. Оларға ең бастысы – күн сәулесі, қопсытылған топырақ, егер осы жағдайлар жасалса, олар күз айларында ертегідегі гүлдердей жайқалып адамдарға алғысын білдіреді.
Флокс гүлдері де сұлулығы жағынан қалыспайды. Гүлдердің арасында кең таралуына олардың шырынды бояуы, молынан және ұзақ гүлденуі, жағымды хош иісі және үзіп-кессе де тұрақтылығы ықпалын тигізді. Флокстер қарапайым өсімдіктерге жатады және топырақ таңдамайды. Бірақ алдын-ала орташа мөлшерде көңмен тынайтылған және сазды топырақты ұнатады, олар бір жерде шамамен 6 – 7 жыл өсе алады, содан кейін олардың өсу орнын өзгерту керек.
Көп жылдық жұлдызгүл – адам баласы үшін нағыз олжа. Қыркүйек айында, жазғы гүлдер азайған кезде, көпжылдық жұлдызгүлдер ғана қараша айының басына дейін гүлдеп тұрады. Бұл жұлдызшаларды күзгі гүлдердің «қайраткері» деп атауға болады. Көп жылдық жұлдызгүлдің танымалдығы олардың – қарапайымдылығы. Жұлдызгүлдер нәзік, әдемі, өзіне тән әсерлі сұлулығымен ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Күзгі гүлдердің көркемдігі туралы шексіз айтуға болады. Олардың сұлулығы айрықша, сондықтан көңілді күндеріміз ұзақ болуын қалаймыз.
Еремина Арина, №11 мектептің 5- сынып оқушысы
Миршанова Юлия Сейтказиновна-
Семей қ. «Облыстық балалар биологиялық
орталығының» қосымша білім беру педагогы,
«Гүлдендіру және фитодизайн» үйірмесінің жетекшісі
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





