Мол өнім – күздің сыйы!
Күз – жылдың ең көркем мерзімі. Биологиялық орталықта жыл сайын, қыркүйек айында, дәстүрлі түрде «Мол өнім – күздің сыйы!» атты өсімдік шаруашылығының онкүндік мерекесі өткізіледі.
Бұл кезде астық толықтай жиналғандықтан, мереке де ерекше мағыналы. Адамдар жазғы жылумен қоштасқан, Күн-анаға бай өнім мен отбасының ырысы үшін аса құрмет көрсетіп, алғыс білдірген. Бұл мереке барлық елдерде ежелден аталып өтуде. Сонымен қатар бұл мереке – табиғаттың сыйына деген құрмет белгісі. Күз мерекесіне арнап балалар өз қолдарымен күздің сұлулығы мен жомарттығын көрсететін және «Алтын мезгілге» арналған әр түрлі табиғи материалдардан әшекей бұйымдар жасады және алтын бидай шалғыны, қызыл-сары үйеңкі жапырақтары мен жаңбырлар бейнеленген суреттер сайысын өткізді. Сондай-ақ жас натуралистер көкөніс дақылдарының кішкентай тұқымынан піскен жемістерге дейінгі даму кезеңдеріндегі фенологиялық бақылауларымен, өсімдіктерге жасаған тәжірибелерімен бөлісті. Сұрыптау ғажайыптарын кеңінен ашып, бүкіл әлем бойынша әртүрлі көкөністердің пайда болу және таралу тарихы туралы ақпараттық кітапшалар дайындады.
Рефлексия барысында балалар әлем картасында көкөністердің шыққан елдерін белгіледі. «Дәрумендік серпіліс» айдарымен жануарлар мен адамдардың өміріндегі көкөністердің мәні мен пайдасы туралы мазмұнды баяндама дайындады.
Орталықтың жас натуралистері көкөніс дақылдарына зерттеу жүргізу бойынша таңғажайып жаңалықтар ашты және алған білімдерін тәжірибе жүзінде оңай қолдануға мүмкіндік алды.
Балалар биологиялық орталығының
көптік ұйымдастыру жұмысының әдіскері
Кенжеболатова Ляззат Кайратовна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




