Орталықтың ғылыми зерттеу  жұмысы келесі  бағыттар  бойынша  ұйымдастырылған:

Үлкен  ғылым жолына алғашқы тәжірибе мен әдістер

Оқушы  жастардың  ғылыми  шығармашылық  бірігуі, өз  парасаттарын ғылыми  зерттеу бағыттары бойынша  жетілдіру, биология бағытында өз  білімдерін  шыңдау.

Фенологиялық  бақылау – зерттеуінің алғашқы  қадамы

Фенологиялық  бақылау жүйесі көптеген  жылдар  бойы өткізіліп  келген қоршаған  ортаның  өміріне жақсы  ақпарат алуына көмектесіп, фенологиялық көріністер арасындағы қарым – қатынас жасауды айқындап  береді.

Әдістемелік  тәжірибе  жұмыстары, жас  натуралистердің зерттеулері

Тәжірибелік  бағыт биология мен  экология  бағытындағы білімін тереңдетіп және кеңінен дамытудың бір саласы , логикалық ойлау  қабілетінің дамуына әсер  етіп,   дағдыландырады.

Зерттеу  жұмыстары – табиғат  әлемін танып білу негіздері.

Зерттеу  балалардың қуана қабылдап, өздерінің табиғатынан таралған әрекеті.

Экспедиция – әр жаз маусымындағы оқиғалар.

Көшпелі экпедициялар экологиялық мониторинг жолында және дәстүрлі емес табиғат мектебіне экологиялық білім беру мен тәрбиелеуге алғашқы қадамы .

Әр жаз  уақытында  білім деңгейі мен  зерттеу жұмыстары жоғары деңгейдегі балаларды, көшпенді  оқу – зерттеу экспедициясына жібереді. Сондықтан әрбір жас натуралист оқу – зерттеу экспедициясына  түсуге ынталанады.

Құрамы 10-15 адамнан тұрады. Мерзімі – 1 апта.

Ғылыми – зерттеу экспедициясын өткізу кезінде  арнайы медицина жұмысшысымен келісім шартқа отырып, МАИ көлігімен сүйемелденіп жіберіледі.

Экспедиция қатысушылары туған жерінің табиғи құндылықтарын зерттеп, Полковник аралының табиғи жағдайын айқындап, жұмыс барысын күнделіктеріне тізбектеп жазып, сызып белгілеп, фотосуреттер жасап, материал жинақтамаларын жинайды.