Қызмет  бағыттары

Ақпараттық бағыттар 

Оқытушыларға  әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің соңғы және қажетті ақпараттарын ұсыну; 

Оқытушыларды  облыстың, қаланың, республиканың, халықаралық деңгейдегі білім беру саласының дамуының негізгі бағыттары туралы хабардар ету;

Оқытушыларға  қазіргі  заманғы бағдарламалар  мен  технологияларды таныстыру.

Диагностикалық-болжамдық  қызмет бағыттары 

Оқытушылардың кәсіби  қажеттіліктері мен  білім беру  бағыттарын  зерттеу  мақсатында олардың  кәсіби  деңгейін арттыру  үшін  тиімді  жағдай  жасау.

Кеңестік -әдістемелік көмек көрсету  мен жедел  ақпарат  беру  болжамдарын ұсыну. 

Білім беру  қызметі 

Әрбір  оқытушыға  өзінің  кәсіби деңгейіне  байланысты  жеке  дараланған тәсілімен жеке  бағдарланған  ұстанымын  қамтамасыз  ету.

Педагогикалық тәжірибені  сәйкестендіріп  жүйелендіріп  тарату.

 Біліктілікті арттыру  саласы

Әрбір  оқытушыға  өзінің  кәсіби  құзыреттілігінің деңгейіне  байланысты  жеке  сараланымды  көзқараспен  бағытталған  ұстанымдарын  қамтамасыз  ету.

Білім  беру  тәжірибесін  анықтап, жүйелендіріп  тарату. 

Әдістемелік жұмыстың жаңартпалық түрлері: 

  • әдістемелік  кеңес
  • топтардың  шығармашылық жұмысы
  • әдістемелік  сабақтар
  • шеберлік сабақтарын  ұйымдастыру және өткізу
  • көпшілік тәрбиелеу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу
  • аттестаттау
  • педагогикалық портфолиосы
  • тәжірибе жинақтау

 Әдістемелік жұмыстың болашағы

  •  Оқытушыларды жоғары және бірінші біліктілік санаттары бойынша аттестаттау;
  • Оқытушылардың жалпылама тәжірибе  жұмыстарының  халықаралық, республикалық, облыстық  және  қалалық газет пен  журнал беттерінде  жариялануы.