Оставить отзыв

Мен осы биологиялық орталыққа 5сыныпта《Орнитология》үйірмесіне қатысқанмын. Біздің топ жетекшіміз Құралай Серікқазы сізге көп рахмет. Сіздің арқанызда құстар туралы көп білдік. Білмейтін құстар басқа да жануарларды көріп қызықтап солар туралы зерттегенбіз. Осындай қызықты кездер үшін сізге көп рахмет!

Қазбекққызы Тоты, 16.03.2019 ж.

Салеметсіздер ме? Менің атым Альфия.Менің қызым осы биологиялық орталыққа аптасына бір рет барып жүр.Қызым өте қуанышты.Маған күнде не істегендерің айтып беріп отырады.Сіздерге көп көп алғыс білдіргім келеді.

Копесбаева Альфия, 8.02.2019 ж.

Мен биологиялык орталыкка алгыс айтам Устаздын терен билим берип укыптылык табигатты калай коргау керек екеннин жан-жакты болганга коп нарсеге уйренгендерин айтып келеди Молдир Рахимжановага коп-коп рахмет!!!

Бейсембаева Гульнара, 7.02.2019 ж.

Мен биологиялык орталыкка алгыс айтам Устаздын терен билим берип укыптылык табигатты калай коргау керек екеннин жан-жакты болганга коп нарсеге уйренгендерин айтып келеди Молдир Рахимжановага коп-коп рахмет!!!

Жуманова Адема , 7.02.2019 ж.

Құрметті биологиялық орталық ұжымы менің балам Амангелдин Шерхан 34мектеп оқушысы осы “өсімдіктану” үйірмесінің юннаты, жетекшісі Мөлдір Рахымжанқызына өте үлкен алғыс қалалық теледидар орталығына да апарды .Балам аса қызығушылықпен барады және өсімдіктер, жануарлар туралы білмегенін біліп біршама мағлұмат алды .Жақында ата -анасымен ұйымдастырған қызықты өсімдіктер ,жануарлар туралы сайысына баламызбен қатысып ,өте жақсы әсер алып қайттық,айтарым биологиялық орталық ұжымы өте керемет!!!Еңбектеріңіз жана берсін!!!алғысымыз шексіз!!!

Көпжасарова Әсел , 7.02.2019 ж.

 

Мен Темірлан Акимов тын анасымын.Атым Гулжан.Мен баламды биологиялык ортага корыкпай жиберемин.Ойткени онда бари жаксы жане бари жасалган.Астресе гулдендиру тобу.Балам аркашан мактап куанып кызык жагдайларымен болисип келеди.

Алга гулдендиру

Акимова Гулжан, 6.02.2019 ж.

Маган биологиялық орталык оте унайды. Әсіресе Гүлдендіру тобы. Онда балалар қалай гүлдерді отырғызуға, олардың түрлерін анықтайды.Оған менін қызым қатысады. Биологиялық орталық осындай кружокты істегені үшін алғысымды білдіремін.

Килишбекова Гулим, 6.02.2019 ж.

Мен гүлдендіру тобының окушысымын.Мен бұл топтың аркасында көптеген гүлдері білдім.Ал осы үйырменын аркасында табиғатты қорғауға және аялауға үйрендім.Бул үйырмеде өте жоғары билим береді.Мен осы үйырмены ешқашанда умытпаймын!!!

Меримбаева Эльвира, 6.02.2019 ж.

Маған қатты ұнайды Б.ц ең ұнататын тобым гүлдерді ру үйірмесі.

Нксупова Камшат, 6.02.2019 ж.

Мен гүлдендіру тобынын оқушысымын.Атым Темірлан.Мені гүлдендіру тобына досым шақырды.Маған бір келгенен қатты ұнап қалды.Содан сон мен өз достарымды шакырдым.Биз онда гулдерди жануарларды зертедик.Өйткені ол біздін міндетіміз.

Акимов Темірлан, 6.02.2019 ж.

Мен гүлдендіру тобының окушысымын.Мен осы үйырменын арқасында талай гүлдері былдым Ал осы үйырменын арқасында мен табиғатты қорғауға және аялауға үйрендім.Бул үйырмеде бізге жоғары билим береді.Мен осы үйырмены ешқашанда умытпаймын!!!

Меримбаева Эльвира, 6.02.2019 ж.

Маған био орталық қатты ұнайды,өйткені мен жануарларды ұнатамын.

Бажакова Арайлым, 6.02.2019 ж.

Биологиялық орталыққа барғаннан бері баламның қызығушылығы арта түсті.Әліде алар ақпараттары көп болсын!

Тулеугазина Айгуль

Менин балам Кабидолла Батырбек. Ози Биологиялык орталыкка барганды унатады.
Ол жануарларды жаксы кореди. Биологиялык орталыкка барганнан бери жануарларды жаксы ажырататын болды. Уйге келгенде бизге не истегендерин айтып отырады. Биз билмегенди корсетип отырады. Биологиялык орталыкка 2-3 айда ерте туруды уйренди.
Rakisheva Gaukhar

Ұш күн бойы облыстық биологиялық балалар орталыгында жұмыс істеп көптеген тәжірибелік және теориялық дайындықпен алмастық. Бұл үйірмеден сабақтан тыс әдістемелік ұсынымдар ала отырып, тәжірибелік және әдістемелік алаңда жұмыс істеп тірі табигат бұрышында өткізілген жұмыстар бІз үшін маңызды болды. ОББО – ның ұжымына өз тобымыздан үлкен алгыс білдіреміз.
Биолог мұгалімдерінің біліктілігін арттыру курстары.

№17 орта мектептің (3 сыныптар мен 4 сыныптар) жалпы орта мектебінің ұжымы мен мұгалімдерінен, жас натуралист станциясының жұмысшыларына баларларга жануарлар мен өсімдіктер әлеміне махаббат пен қызыгушылық танытып үйреткендеріне үлкен алгыс білдіреміз. Таным жарық кезінде балалар көптеген қызықты ақпараттар білді. Көптеген балалар осында бос уақыттарында жануарларга көмектесуге тілек білдірді. Сіздерге алгысымыз шексіз!

Сіздің көрмеңізде болып, үлкен қуаныш пен қанағат сезімін сезінудемін. Маған теңдессіз ғажайып әлемнің еңбегі таныс. Ғажайып кереметке айнала отырып, біраз уақыт ішінде барлық нәрсені ұмытасыз. Бірақ бұл керемет көрініс ересектердің басшылығымен балалар қолымен жасалады, сондықтан бұндай туындалардың көп болганы жаксы болар еді. Сіздерге жұмыстарыңыздың жемісін тілейміз.
Құрметпен Мария Сергеевна Сабенина, 26 наурыз 1992 ж

Біз Ресейден хайуанаттар багына келіп ертегілер әлемінде болгандаймыз, әдемі павлин ,филин, қасқыр , марал, аққу , теңіз шошқасы барлыгы бир биримен татту татті өмір сүруде. Алгашқы қадамнан бастап сұлулық пен ұлылық әлеміне енгендей әсер аласыз. Сіздердің еңбектеріңізге алгыс білдіреміз. Бұл керемет ертегі әлемі таусылмай әрдайым керемет көріністерге ие болсын. Адамдарга қуаныш әкеле беріңіздер!
Говоруков, Исмаилов, Помаков, Полещук отбасыларынан.

Біз семинар тындаушылары Сіздердің тату тәтті ұжымдарыңыздын жұмысына таңданудамыз. Бар жақсылықтарыңыз үшін көп рақмет айтамыз. Шаттық пен қуанышқа ие болыңыздар. Махаббат пен бақыт тілейміз. 4.05.1993 ж

№4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімдері, оқытушылары мен оқушылары(есту қабілеті нашар балалар) таным жарық жұмыстарын тегін өткізілгені үшін қуаныштымыз. Біздің оқушылар мен балаларымызға тиін, павлин, як өте қатты ұнады.
22 мамыр 1996жыл.

Қымбатты әріптестер!
Сізбен кездескеніміз өте жақсы болды. Сіздің биоорталықтарыңыз – үлкен қаладағы таңғажайып оазис секілді. Сіздің жұмыстарыңыз балалардың жандарын қалыптастыру үшін қажетті . Бастамаларыңыз бен тілектеріңіз орындала берсін!
Әрі қарай ынтымақтастықпен жұмыс істейміз деген үмітпен – Михаил Блинников

Сіздердің станцияларыңыз жастарға экология жағынан тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосады. Қызметкерлеріңіздің жоғары деңгейлі білімі қоғамға экологиялық сана – сезімнің қалыптасуына көмектеседі.
Халықаралық іс тәжірибелік конференция қатысушылары.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттері облыстық биологиялық орталықта болды.
Олар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген фауна мен флораның өкілдерін көрді. Біз жануарлар мен құстардың жағдайын көріп, сонымен қатар қалада ағаштар мен бұталар отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қуаныштымыз. Ең бастысы биоорталықта өткізіліп жатқан жұмыстарға Семей қаласының оқушы балаларының ат салыпай қатысуы. Олар фенологиялық жұмыстарға қосылып, өздері әртүрлі өсімдіктер түрлерін өсіреді. Осылайша мектептегі балалар ғылыми жұмыстарға , тірі табиғатты қорғауға үйренеді.
Биоорталықтың жетекшісі мен қызметкерлеріне экология мен табиғатты қорғау саласында білім мен тәжірибелерін алға жылжытуларын тілейміз.

Белибибаев М.Е. – география ғылымдарының докторы, экология және география кафедрасының профессоры
14.07.2005 ж., Төлеуғалиева С.С., биология ғылымдарының кандидаты.

Құрметті әріптестер!
Көптеген жылдар бойы біздің керемет биологиялық орталықтың негізінде жаратылыстану ғылымдарының іс тәжірибесін қолданып келеміз және де біздің педагогикалық колледждің студенттерін тәрбиелеуге және кәсіби даярлауға қосқан зор үлестеріңізді атап өткіміз келеді. Сіздердің экскурсия жүргізген әдіскерлеріңіз жоғары кәсіби мамандар,мәдениетті және әрдайым бізбен жұмыс істеуге дайын екендігін көрсете білді!
Валерий Николаевич Сізге және сіздің ұжымынызға, денсаулық пен бар жақсылықты, сонымен қатар жоғарғы жетістіктер тілейміз!

Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!

Сіздердің еңбектеріңізге , табиғатқа деген махаббаттарыңызға , жануарлар мен өсімдіктер әлемін осылайша көркейте білгендеріңізге алғыс білдіреміз.
11.10.2006 ШҚО №39

Құрметті әріптестер!
Өскемен қаласының әкімдігінің мемлекеттік басқару органдарының делегациясы атынан ,сіздердің балаларды тірі табиғатқа мейірімділік танытып қарауды үйретіп тәрбиелеудегі кәсіби жұмысынызға өз сүйіспеншілігімді білдіремін.
Сізге және сіздің ұжымынызға бақыт пен үлкен жетістік тілеймін.

Тілек білдіруші, Өскемен қаласының білім беру бөлімінің бастығы Кузнецов А.
03.09.2009 ж.

Валерий Николаевич, Сізге және биологиялық орталықтың оқытушылары мен әдіскерлеріне , жазғы уақыттағы экологиялық лагерде балалармен өткізген жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Балалар лагерге күнделікті үлкен қызығушылықпен барады,күнделікті өткізілетін қызықты ойындар мен көптеген жануарлар мен өсімдіктер туралы білу олар үшін өте маңызды. Олармен бірге балалық шаққа көз жүгіртіп өттік. Балалар үшін бар жағдайлар жасалған, барлығын жоғары қошеметпен қарсы алады. Барлығы үшін көп рахмет!
№10 мектеп Р.К.Селиханова 25 шілде 2010 ж.

Құрметті әріптестер! Сіздердің еңбектерініздің нәтижесіне үлкен танданыспен қараймыз. 75 жылдықтарыңыз құтты болсын!
Өскемен қаласының әкімінің орынбасары Нургшазиев А.К. 11.06.13 ж.

Балаларға деген қамқорлықпен қарағандарыңызға, аумақтың тазалығына, жануарлардың сырт келбетіне, таза ауаға, әдемі газондардың болуына, барлық жерде мейірімнің төгіліп тұрғанына Семей қаласының биоорталығының ұжымына үлкен алғыс білдіреміз. Әрбір қызметкер мейірімді, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды.Әсіресе жануарлардың жағдайы өте жақсы. Валерий Николаевичке алғысымыз шексіз. Үлкен жетістіктер тілейміз!

Қарағанды,Астана, Алматы қаласының қонақтары.
07.08.2014ж.


Биоорталықтың ұжымына және Валерий Николаевичке осындай таңғажайып бұрыштың болуына ерекше алғыс білдіреміз. Сіздердің орталықтарыңыздың әдемілігіне танданыспен қарадық. Көптеген жылдарға көркейе беріңіздер.
Тілек білдіруші Семей қаласының тұрғындары.

Құрметті Валерий Николаевич! Биоорталықтың ұжымы!
Үйірме кезінде өздеріңіздің кәсіби деңгейлеріңізді көрсете алдыңыздар, ары қарай биік шыңдардан көріне беріңіздер!
Валерий Николаевич сізге ұзақ өмір мен зор денсаулық тілейміз. Адамдарға деген адал қарым – қатынасыңыз қарапайымдылығыңыз маған қатты ұнады. Тек биіктен көріне беріңіз.
Балалардың жарқын болашағы үшін қосқан үлесіңіз зор екендігін корініп тұр. Экскурсия кезінде жылы лебізбен қарсы алғандарыңыз үшін көп рахмет.

Алматы қаласы.”Жас туристер станциясыы” Айгерім Болысбаева

Таңғажайып әлемнің тұрғындарын жануарлар мен өсімдіктерді ерекше қамқорлықпен өсіріп,қарағандары үшін қызметкерлерге көп рахмет. Адал еңбектеріңізге алғыс білдіреміз.Керемет сезіммен үйге оралдық. Зор денсаулық тілейміз.
Алматы 07.05.15 ж . Ковалевски отбасы.

Біздің ұрпағымызды қуантып ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сізге алғыс білдіріп бас иеміз!
Астана қаласының тұрғындары. 23.06.2016 ж.

Мен бұл қалаға бірінші рет келдім. Қаланың әдемі көрінісі маған қатты ұнады. Бұл қаланы кеңінен аралап, биоорталықтың табиғаты мен әдемілігіне қатты қызықтым. Бұндай сұлулықты коргенде армандарым орындалғандай. Құстардың сыңғыр даусын естігенде ғажайып ертегілер әлеміне тап болғандаймын. Бұл жердегі жұмақ әлемі сияқты. Бұндай сұлулыұты жаратұан Аллама сансыз шүкір. Маған өмір силаған Анама алғысым шексіз. Сіздерді шын жүрекпен жақсы көремін.
Қызылорда қаласынан Марат Омаров.

Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.

Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.

Жаздық экологиялық лагері №12 орта мектебі Наталья Задорожная 7 сынып

Семей қаласының биологиялық орталықтың қызметкерлеріне балалар үшін жазғы демалыс лагерін ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіреміз. Жазғы лагерде болған кезден бастап балалар көптеген нарселер үйренді: өте үлкен қуанышпен жануарға күтім көрсетіп басқа мектеп балаларымен танысып достасып үлгерді.
Лагер жетекшілеріне көптеген алғыс айтамыз. Биоорталықтарыңыз көркейіп гүлдене берсін. Сізге көп рахмет!
№31 орта мектебінің мұғалімдері А.А.Куржикаева.Н.А.Балтабаева., Н.А.Шаталова,.

Облыстық балалар биологиялық орталығының диреторы Валерий Николаевич пен ұжымына осындай керемет сулулық әлемі үшін және де көптеген адамдарға қуаныш пен шаттық сыйлағандарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Измайлов Лев Юрьевич.

Біздің қалада осындай биоорталықтың болуы өте қатты қуантады. Балалар үшін осындай үйірме жүргізіп отырған оқытушылардың бары өте жақсы.
Атаналармен өткізілген кездесу өте жақсы өтті. Барине қатты ұнады.Балалар өз жерлерінің табиғаты жайлы қосымша білім алуда. Сол үшін алғысымыз шексіз.

Құрметті орталықтың қызметкерлері!
Жануарлар мен өсімдіктерге деген ілтипатпен қараған еңбектеріңіз үшін сіздерге үлкен алғыс айтамыз. Семей қаласында сіздердің орталықтарыңыз адамзатты тәрбиелеп үйретіп табиғатты сақтап отырғандарыңызға көп рахмет.
Тек жетістіктер тілейміз.

Құрметті Валерий Николаевич !
Бішкек қаласынан келген қонақ ретінде сіздердің орталықтарыңыздан таңданудамын. Көптеген жануарлар түрін көрген көріністен танданысым шексіз және өз достарыма осында келуді ұсынамын.
Ізгі махаббатпен Қырғызстан қаласынан. 06.06.17

Құрметті Семей қаласының Облыстық балалар биологиялық орталығының директоры Валерий Николаевич және сол орталықтың ұжымы сіздергі айтатын алғысымыз көп. Қосымша білім беру және жаңа технологияны пайдалану мақсатында жүргізілді. Алған дәрістерімізге, мағлұматтарымызға тоқталатын болсақ орталықтың мамандары өздерінің бірінші жылдық жұмыстарын көрсетті. Білім алу барысында тәжірибесі мол, білікті де білімді мамандар іс тәжірибесімен алмасты. Облыстық балалар биологиялық орталығының ашылу тарихы, орналасқан жері, қиын күндерде сақталып қалуы, яғни осы күнге дейін атқарылған жұмыстары туралы толық мәлімет берілді. Сонымен қатар алған білімімізді практикалық жүзінде жұмыс жасадық. Мысалы жаңа технологияны қалай пайдалану, өсімдіктерді қалай сақтау, жануарларды қалай баптап күту т.б. Сонымен қатар Шәкәрім атындағы университетінен де тәжірибесі мол ұстаздарден білім алдық. Сонымен қатар саяхатқада асықтық Абай Құнанбаевтың музейін, Бөрлі Мұхтар Ауеззовтың туған жерін музейін, Абай атамыздың туған жерін, өскен жерін Жидебайды көрдік.
Ізгі тілекпен: Жамбыл облысы Меркі ауданы №44 орта мектеп биология пәнінің мұғалімі Карабаева Г.К

Шулы үлкен қаланың ішінде орналасқан орталықтарыңыз үшін орталық жетекшісі мен қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз.

Сіздерде әлі де қонаққа келеміз!!!29.06.17 Мәскеу қаласының қонақтары.

Жалғасы бар…