«ШҚО Семей қ. Білім бөлімі ММ» «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК
Төраға: Валерий Николаевич Дядов
Білім беру орталығының құрылған уақыты: 5 тамыз 1938 ж.
Білім беру орталығының құрылтайшысы: Семей қаласының әкімшілігі.
Мекен жайы: ШҚО, Семей қаласы, Полковник аралы ,56
Жұмыс уақыты: орталық демалыссыз, үзіліссіз , жыл бойына жұмыс істейді; жазғы уақытта сағат 9.00 ден 21:00 дейін, қысқы уақытта 9.00 ден 17.00 ге дейін.
Үйірме сабақтары 15 қыркүйектен 25 мамырға дейін дүйсенбі жұма аралығында тегін өткізіледі.
Жаздық лагерь кестесі: 5 шілдеден 18 тамызға дейін.
Байланыс телефоны:
Қабылдау бөлімі: 8 (7222)56-18-59
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: 8 (7222) 36-16-84
Касса, әдістемелік бөлім: 8 (7222) 36-16-84
Бухгалтерия: 8 (7222) 560536
Электрондық поштасының мекен – жайы : biodetcenter@mail.ru
Облыстық балалар биологиялық орталығының өзіндік оқу зерттеу зертханасы тірі табиғат аясында, ашық аспан астында , балалар мен жасөспірімдердің қоршаған ортаны қорғап , тірі табиғатқа жауапкершілікпен қарауды, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға , сондай ақ балалар мен жастардың бос уақытын үнемді пайдалануға үйрету негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Ол жас балаларға көп көлемді табиғат шежіресінің алғашқы беттерін, орта мектептің оқушыларын өсімдік пен жануарлар әлемінің құпияларын түсінуге, өз туған жерінің табиғатын зерттеуге және жоғары оқу орындарының студенттеріне биологияны терең білуге және ғылыми зерттеулерге байыпты қатысуға мүмкіндік беру үшін бірегей мүмкіндік береді.
Табиғи орта қолайлы орналасқандықтан, 100 астам дәрілік өсімдіктер түрі, өсімдіктердің 26 түрі, ағаштар мен бұталардың 40 түрі, 100 астам гүлді-сәндік және көкөніс дақылдарының 80 түрлері, жануарлар мен құстардың 70 жуық түрлерін қоса алғанда, биоорталықтың бай флорасы мен зоологиялық жиынтығының өзгешелігі бар, жабдықталған кабинеттердің бар болуына сай мектеп жасындағы балалардан бастап ересектерге дейін экологиялық білім беру бойынша көптеген зерттеу жұмысын жасауға мүмкіндік береді.
Биологиялық орталық аудио, бейне, телевизиялық жабдықпен, орнитологиялық зерттеулер үшін оптикалық жабдықпен, микроскоптармен, электронды микроскоппен, компьютерлік және тұрмыстық техникамен жабдықталған. Балаларды оқуға және кері тасымалдауға арналған автобус бар.
Биологиялық орталықтың қызметі келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
I. Оқу үрдісі
1. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалармен жұмыс.
2. Үйірмедегі білім беру сабақтары.
3. Қаланың мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастық.
II. Ғылыми-зерттеу жұмыстары
1. «Прометей» оқушылардың ғылыми қоғамы.
2. Ғылыми – практикалық конференциялар.
3. Көшпеллі ғылыми – зерттеушілік танымжорықтары.
4. Маусымдық фенологиялық бақылаулар, ғылыми – зерттеу жобаларының негізі ретіндегі іс – тәжірибелік жұмыс.
III. Демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
1. «Мерекелер» атты бағдарламасын қалыптастыруын ұйымдастыру бойынша «Демалыс» бағдарламасын оқушылардың күзгі, қысқы және көктемгі демалыс күндерінде өткізуді ұйымдастырады.
2. Жаздағы экологиялық лагерь.
3. Жорықтар, экспедициялар.
ІV. Ұйымдастырушылық – көпшілік жұмыс
Қалалық және қала маңындағы ауылдық округтердің жалпы білім беретін мектептеріне арналған жыл сайынғы іс-шаралар циклі.
V. Экскурсиялық қызмет
1. Мектеп жасына дейінгі балалар, тақырыптық, маусымдық және оқушылар мен мтуденттер үшін оқу шолу дәрістері.
Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған экскурсиялар.
VI. Насихаттық –әдістемелік бағыт.
1. Семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, слеттер және форумдар.
2. Бұқаралық ақпараттық құралдармен ынтымақтастық.











