Әрбір істің өз бастамасы болатындай, жас натуралистер қозғалысының да өз бастауы, өз «бастау көзі» болды.  Қала балаларын, жасөспірімдерді  тірі  тірі табиғатқа қатыстыру туралы ой 20 ғасырдың басында туындап және  жүзеге асырыла  бастады.

Иван  Васильевич Русаков  пен биология пәні мұғалімі
Борис  Васильевич Всесвятский  бастамасымен  Мәскеу қаласының  шетінде, Сокольникте жас табиғат сүйгіштердің алғашқы станциясы пайда болды, кейіннен ол А.К.Тимирязев атындағы жас  натуралистердің Орталық биостанциясына айналды. Бұл 1918 жыл болатын.

Сол сияқты облыстық балалар биологиялық орталығының да өзіндік байырғы тарихы бар.

1938 жылы Семей қаласында Урицкий 17 көшесінде алғашқы  биологиялық  станция  ашылған  болатын.

Бұл қасірет пен аштықтың ауыр жылдары еді. Осыған қарамастан, 1940 жылы биологиялық станцияда жануарлардың 40 түрі, штатта – 13 қызметкер, оның ішінде 4 педагог (ботаника, зоология, геология және археология үйірмелері) болды.

Соғыс жылдарында жұмыс тоқтатылды, тек 1946 жылы биостация өз жұмысын қайта бастады. Советская 83 көшесінде 4 жыл  бойы 72 м2 ауданында жеткіліксіз  материалдар  базасында  энтузиастар  өз  жұмыстарын  атқарды (жануарларға  арналған  ұяшық саны 10, 1 микроскоп, 2 аквариум).

1952 жылы  директор Мария Филипповна Дынникованың басшылығымен қалалық станциядан облыстық станцияға айналады. Станцияда 120 оқушы қатысады. Қызметкерлер саны 13 адамнан тұрды, зоологиялық, өлкетану, құс өсіру, мичуриндік, энтомологиялық, ботаникалық, метеорологиялық, натуралистік-ресімдеу фото үйірмелері жұмыс істеді.

1955 жылдан бастап 1959 дейін станция Белинский 54 мекен-жайында,  350 м2 жер телімімен жұмыс істеді. 1961 жылғы мамырда жас натуралистер  станциясына қаланың Затон бөлігіндегі қалалық Мичурин қоғамына тиесілі  1,8 гектар жер телімі берілді.

1983 жылдан бастап станция Полковник (Киров) аралындағы Ертіс өзенінің алқабындағы әдемі жерде  орналасады.

Осы жылдары станцияда өз істеріне берілген педагогтер жұмыс істеді: Мария Филипповна Дынникова, Мария Сергеевна Сабенина, Людмила Федоровна Валетко,  Федор Петрович Повашченко, Клавдия Сергеевна Валяева, Надежда Алексеевна Смирнова,  Валентина Георгиевна Коновалова, Зинаида Алексеевна Крафт, Надежда Павловна Кострома.

1987 жылғы шілдеде  облыстық жас натуралистер станциясына  Көкпекті ауданынан бұрын орта мектеп директоры болып жұмыс істеген
Валерий Николаевич Дядов тағайындалады. Валерий Николаевич  өзіне тапсырылған іске асқан жауапкергілікпен қарап, бұл еңбегінің нәтижесі көп ұзамай көріне бастады.

Мұнда көп қырлы және қызықты жұмыс жүріп жатыр.  Жас натуралистер ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді кіріскен: Республикалық шағын ғылым Академиясының жұмысына, сонымен қатар  «Жас натуралистер шығармашылығы» республикалық көрмесіне, ССРО ХШЖК  (халық шаруашылық жетістіктерінің  көрмесі) «Жас натуралистер және табиғат зерттеушілері» бөлімінің жұмысына қатысады. Станцияның  тәрбие  жұмысының негізгі міндеті – бойында тірі  табиғатқа деген әрекетшіл махаббатты, зерттеушілік ынтаны, тірі табиғат деректері мен заңдылықтарын тереңдете және жан-жақты зерделейтін және өз  білімін өмірде және өндірісте қолдана білетін практик дағдылары табылатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жас натуралист табиғаттың қиялға толы сүйіспеншілігінен, өсімдіктер мен жануарлардың күтімінен көрінетін жігершіл, әрекетшіл сүйіспеншілікке дейінгі жолдан өтті. Осы үдерістің өзі соңынан шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына асырылған білу құмарлығын тудырды. Бұл жерде, әрине, терең білім қажет болды. Және, ақырында, әрине олардың өз білімдерін іс жүзінде қолдану – өсімдіктер өсіру мен  жануарларға күтім көрсетуге арнау құлшынысы пайда болды. Егер  осының бәріне жалпы білімді, белсенді қоғамшылдың, шебер ұйымдастырушының қасиеттерін жинақтап қоссақ, сонда сол жылдардағы жас натуралистің бейнесі сонымен толық жинақталады.

Осыдан біраз жылдар ғана  өткеннен соң биологиялық орталық айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 1989 жылы Республикалық гүл шеберлерінің конкурсында I орын алды.  Бір жылдан кейін, жас натуралистер станциялары арасында Республикалық байқауда жеңіске жетті.

1991 жылдың 16 шілдесінде жас натуралистер станциясы (Облыстық білім беру басқармасының № 214 бұйрығымен) Семей облысының өңірлік балалар биологиялық орталығы болып қайта ұйымдастырылды.

Қайта ұйымдастыру станцияның еңбек ұжымының бастамашылық етуімен басталып және облыстық білім беру басқарма басшыларының республикалық активінің сараптама комиссиясынан және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің өкілдерінен қолдау тапты. Қайта ұйымдастырудың негізгі себептері ОТП негізі және бағыттарын дамыту,  сондай-ақ мекеменің қоғамдық маңыздылығы және нарықтық қатынастар жағдайындағы қайтарымдылығы  болды.  Бұл республикадағы әлеуметтік-экономикалық реформалаудың басталуымен тұспа-тұс келді. Білім беру жүйесінің ондаған мекемелері, бірінші кезекте мектептен тыс мекемелер өздерінің жабылатындығы туралы айтуға мәжбүр болды.  Бұндай қауіп  биологиялық орталық үшін де мүмкін болатын. Дегенмен, бұл жағдай мұғалімдер  ұжымына да, оның басшылығына да, тірі табиғаттың осы бұрышын сүйіп қалған балаларға және олардың ата-аналарына да ұнамайтын жағдай болды.  Халық адамдардың жан-тәні демалатын табиғаттың осындай бірегей бұрышының жоғалып кетуіне жол бермеу керектігін айтты. Өздерінің алдына балалар мен жастардың мазмұнды бос уақытын қалыптастыру, олардың қабілеттері мен таланттарын ашу сынды нақты міндеттер қойған  педагогикалық ұжым уақыт талабын және қосымша білім беру қызметтерінің өңір тұрғындары үшін практикалық маңыздылығын  ескере отырып,  өз қызметін қайта бағдарлады.