Масалимов Сейсен Ешенгазинович – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Облыстық балалар биологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры. Білімі- жоғары. Өскемен қ. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы педагогикалық училищені еңбек пен сызу мұғалімі және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тарих мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Педагогикалық өтілі:
1987- 1997 жж. Көкпекті ауданындағы Шмидт атындағы орта мектеп- еңбек мұғалімі, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы;
1997 – 1998 жж. Көкпекті ауданындағы Ж.Чайжунусов атындағы орта мектеп- оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы;
1998 – 1999 жж. Семей қаласының «Жас Ұлан» ерлер лицейі- офицер, тәрбиеші, сызу мұғалімі;
1999 – 2004 жж. Семей қ. № 22 орта мектеп- директордың әкімшілік-шараушылық жөніндегі орынбасары, тарих және еңбекке оқыту мұғалімі;
2004 – 2006 жж. Семей қ. №32 орта мектеп- директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, технология мұғалімі;
2006 – 2011 жж. Семей қаласының балалар мен жастар шығармашылық сарайы, мәдени-бұқаралық сектор;
2011- 2013 жж. Семей қ. № 22 орта мектеп- директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, технология мұғалімі;
2013 ж. Семей қаласы ММ «Білім бөлімі» әдістемелік кабинетінің әдіскері;
2013 – 2017 жж. – Семей қ. «Спорт шеберлігі мектебі» КМҚК директоры; 2017 ж. «Балалар мен жастар шығармашылығы сарайы» КМҚК – бөлім меңгерушісі;
2018 ж. Семей қ. КММ «№35 ЖОББМ»- көркем еңбек мұғалімі;
2021 ж. «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК- директор.
Тойшыбаева Куралай Серикказыевна – директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары.
8 желтоқсан 1986 жылы Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Биология бакалавры» мамандығы бойынша аяқтаған. Жалпы еңбек өтілі- 16 жыл. Биологиялық орталықта 2009 жылдан бері жұмыс атқарады, екінші категориялы ұстаз. «Зоология» үйірмесі оқу- бағдарламасының авторы.
Марапаттары:
Жетекшілік етіп дайындаған талантты оқушысы «ҚР қосымша білім беру ұйымдарындағы талантты балалардың ұлттық энциклопедиясы» жинағына енгені үшін алғыс хат, «Ғылым және білім: жастардың заманауи көзқарасы» атты халықаралық қатысуымен ғылыми- практикалық конференциясының қатысушысын дайындағаны үшін алғыс хат, Республикалық ұстаздарға арналған олимпиада «ПедСтарт» 1 орын диплом, ҚР оқу- ағарту министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хат, Семей қаласы әкімінің «Ұстаздар мерекесіне» орай алғыс хат иегері.
Куралай Серикказыевнаның оқушылары ғылыми жобалармен республикалық, облыстық және қалалық конференцияларға қатысып жүлделі орын иеленуде. 2023-2024 оқу жылының үйірмелер арасында «Үздік үйірме» рейтинг қорытындысы бойынша 3 орын.
Педагогтің марапаттары:
«Қазақстан Республикасының мақтанышы–2018» республикалық конкурсының Ы. Алтынсарин атындағы медалі;
Спорт шеберлігі мектебіне қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау және Қазақстан Республикасы мәслихаты депутаттарын кезекті сайлауды дайындау мен өткізуге белсенді қатысқаны үшін Семей қаласы әкімінің Алғыс хаты;
«Наурыз мейрамы-2018» мерекесінде көрмеге қатысып, ұлттық мәдениетті дәріптегені үшін Семей қаласының білім бөлімі басшысының грамотасы;
Салауатты өмір салтын ұстануда және спортты насихаттаудағы зор еңбегі үшін Семей қаласының білім бөлімі басшысының Алғыс хаты;
ҚР Тұңғыш Перзиденті күніне арналған қала мектептерінің мұғалімдері арасында өткен шағын спартакиадаға белсене қатысқаны үшін Семей қ. «Нұр Отан» партиясы филиалының Алғыс хаты;
Ы.Алтынсарин атындағы «Жыл мұғалімі» республикалық конкурстың дипломы;
«Бояулар құпиясы» облыстық шығармашылық байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының дипломы;
«Қысқы ертегі» республикалық шығармашылық байқауына жүлдегерлерді дайындаған үшін диплом;
«Сиқырлы Жаңа жыл», «Жануарлар әлемі», «16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні» республикалық шығармашылық байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін диплом;
«Біздің сүйікті ертегілеріміз» байқауына жүлдегерлерді жоғары деңгейде дайындағаны үшін «Шабыт» білім беру әдістемелік орталығының дипломы; «Жастар шығармашылығы, ЭКСПО-2017 балалар көзімен» балалар техникалық көрме-сайысына жеңімпазды дайындағаны үшін Семей қаласының білім бөлімі басшысының дипломы;
«Рухани жаңғыру аясында білім беру мазмұнын жаңарту: мектеп ізденістері» жобасына белсене қатысқаны үшін «Мақсат-Білім» институты Бас директорының Алғыс хаты.
Педагогтің өткен біліктілікті арттыру курстары:
Білім беру мекемелеріндегі құрылымдық бөлімшілер басшыларына «Білім берудегі менеджмент» біліктілікті жетілдіру курсы;
Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Графика және жобалау» пәні бойынша «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсы;
NIS Nazarbaev Intellectual Schools «Қашықтан оқытуды үйретемін».

Елемесова Айгерим Талгатовна – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қосымша білім беру педагогы. 1987 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Білімі-жоғары, Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Биология бакалавры», «Педагогика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілі-10 жыл. Биологиялық орталықта 2010 жылдан бастапқызмет атқарады, бірінші біліктілік санатты педагог. «Фенология», «Экожурналистика», «Жас натуралист» оқу-білім беру бағдарламаларының авторы.
Айгерим Талгатовна педагогтар арасындағы «Жыл педагогы-2017» қалалық конкурсының жүлдегері, «Жаңа педагогикалық технологиялар және оқыту әдістемесі», «Қазақстан ұстаздары», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық олимпиадаларының 1 дәрежелі жеңімпазы, О.А.Байқоңыров атындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Тәрбиенің негізгі месседждері-ХХІ ғасырға лайықты қасиеттер: «Рухани жаңғыру» номинациясында ІІ орынға ие болған, сондай-ақ РҚББОӘО-ның «Дарын», «Өрлеу» желілері және Семей қаласының білім бөлімінің көптеген алғыс хаттарымен марапатталған.
Айгерим Талгатовна жеткшілігіндегі үйірме тәрбиеленушілері 2019-2020 жылдары «Биология ғылымдары әлемінде» биология бойынша халықаралық конкурстарда І орын, «Эрудит: табиғат» республикалық олимпиадасында І орын, оқушылардың «Жас ғалым» ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсында 1 орын иеленген, «Алтын күз» республикалық конкурсында 1 дәрежелі диплом, «Жеңіс бояулары» республикалық конкурсында 1 дәрежелі диплом және РҚББОӘО желісі бойынша конкурстарда жеңіске жеткен.

Вощакина Дарья Николаевна –биология бөлімінің меңгерушісі, қосымша білім беру педагогы.
Білімі-жоғары, 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Биология» мамандығы бойынша бітірді, осы ұйымдағы жалпы еңбек өтілі — 9 жыл.
Педагогтың марапаттары:
Қосымша білім беру ұйымдарында балаларды дамыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін министрдің грамотасы;
Көп жылдық педагогикалық қызметі, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасы;
Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі адал шығармашылық еңбегі үшін Семей қаласының білім беру бөлімі басшысының грамотасы;
Көп жылғы адал еңбегі үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы;
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы олимпиаданың I дәрежелі дипломы;
Кәсіби мереке-Мұғалімдер күніне байланысты қалалық мәслихаттың Алғыс хаты.
Педагог семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті:
«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» республикалық семинарының сертификаты;
«Жобаларды тиімді басқару = өсу шектеуі» семинар-тренингтің сертификаты;
«Оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары» республикалық семинар сертификаты;
«Менің ЭКО жолым» республикалық экологиялық марафонының сертификаты;
«Әлеуметтік желілердегі Маркетинг (SMM)» республикалық курсының сертификаты;
«Қашықтан оқыту: Сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін» «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сертификаты;
«NIS Nazarbaev Intellectual Schools «Қашықтан оқытуды үйрену» сертификаты;
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту» РМБОО сертификаты.

Нұсқаулық-әдістемелік бөлім меңгерушісі, “Экожурналистика” үйірмелерінде қосымша білім беру педагогы – Ирина Игоревна Зайкина, «Педагог-модератор» біліктілік санатына ие,ұйымдағы жұмыс өтілі – 12 жыл.
2018 жылғы «Біз — тәлімгерлерміз» Республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталған, Семей қаласының “Қосымша білім берудің үздік педагогы — 2018 жыл ” номинациясының иегері. “Аранжировка өнері – гүлдердің екінші өмірі” педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық шеберлік сыныбында II орын жүлдегері. 2023 жылғы “Жас зерттеуші” V Республикалық зияткерлік турнирінде жүлдегерді дайындағаны үшін дипломмен марапатталған. Адал жемісті еңбегі, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қалалық комитетінің атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. “МОЙ ЭКО-СЛЕД-2023” республикалық экологиялық марафонының қатысушысы. “Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қосымша білім беру ұйымдарында экологиялық – биологиялық бағыттағы әдістемелік жұмысты жетілдіру” атты облыстық тәжірибелік семинарда жұмыс тәжірибесімен алмасқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Туристік — өлкетану және экологиялық – биологиялық бағытта балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысының қатысушы. “Қатты қанаттылар отряды өкілдерінің қоршаған орта факторларының әсеріне бейімделуі” атты жұмысы “Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” КЕАҚ 2023 халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағында жарияланған.
2023 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2024 жылы “Час Земли” Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының грамотасымен, “Аманат” партиясының Алғыс хатымен, “Отбасы орталығы” ресми Қорының Алғыс хатымен, 2025 жылы Семей кәсіподағы қалалық комитетінің атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған, “ПедСтарт” педагогтар арасындағы республикалық конкурсының 1 орын, мұғалімдер арасында “Моя Экошкола жизни” қалалық байқауының 1 орын иегері.

Биологиялық бөлім меңгерушісі- Миршанова Юлия Сейтказиновна, “Педагог – модератор” біліктілік санатына ие, жұмыс өтілі 10 жыл. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің “Биология” мамандығы бойынша бітірген.
Марапаттары:
“ZIAT” ғылыми – әдістемелік орталығының республикалық педагогикалық конкурстарында “Үздік ашық сабақ” номинациясында 2 дәрежелі (25.12.2021 ж.) және “Үздік авторлық бағдарлама” номинациясында 1 дәрежелі (10.11.2021 ж.) дипломдарымен марапатталған.
Өскелең ұрпақтың білім беру және тәрбиелеу жүйесіндегі адал жемісті еңбегі, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2021 ж.).
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу ісіндегі адал еңбегі мен шығармашылығы үшін “№6 арнайы мектеп – интернат ” КММ әкімшілігі мен ұжымының алғыс хатымен марапатталды (2021ж.).
Оқу – әдістемелік материал педагогикалық порталының ресми сайтында (www.mektepzhurnal.kz 2021) ашық сабағын жариялау туралы алғыс хатымен және куәлікпен марапатталған.
“Қосымша білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беру” республикалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысқаны үшін сертификат (2022 жылғы 13-16 маусым).
Республикалық онлайн семинарларға қатысқаны үшін “Сана” Зияткерлік орталығының сертификаттарымен бірнеше рет марапатталды: “Балаларға қосымша білім берудің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері” (10.02.2022 ж.), “Lesson Study тиімді жоспарлауды негіздеу және бірлескен педагогикалық нәтижеге қол жеткізу” (20.04.2022 ж.), “Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту 8сағ” (24.09.2022 ж.), ” Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру 8 сағ ” (20.10.2022).
“Жаңа жылды қарсы алайық” республикалық шығармашылық байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін “Ағарту” республикалық ақпараттық – әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды (22.01.2022 ж.).
Оқушылар арасындағы республикалық олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын дайындағаны үшін Республикалық қашықтық олимпиада орталығының грамотасымен марапатталды (23.01.2023 ж.).
“Білім шыңы” қоғамдық бірлестігі, президенттік “Жас Ұлан” жастар ұйымы өткізетін «Ең білімді педагог — 2022» республикалық олимпиадасында Гран-При дипломымен марапатталған.
“Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен мамандары үшін қосымша білім беру арқылы мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру әдістері” 80 сағаттық курсын өткені үшін Республикалық қосымша білім беру әдістемелік орталығының сертификатымен марапатталған (2022 жылғы 17-29 қазан).
ҚР Білім министрлігі республикалық деңгейдегі дәріс сағаттарын өткізу туралы анықтама берілді(19.10.2022 ж.).
“Қосымша білім беру- баланың өзін – өзі тануы мен талантын дамыту үшін сапалы жағдай жасау жөніндегі ресурстық орталық ретінде” биология мұғалімдері мен экологиялық – биологиялық бағыттағы үйірмелер басшыларына арналған облыстық семинарына қатысып, мастер-класс өткізгені үшін алғыс хатпен марапатталған (03.03.2023 ж.).

Бажакова Диана Токтагановна 1986 жылы 16 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. 2019 жылдан бастап облыстық балалар биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы болып жұмыс істейді. “Жас орнитолог” үйірмесінің жетекшісі. Көпшілік ұйымдастыру – бұқаралық қызмет жөніндегі әдіскер.
Білімі жоғары, 2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын; жаратылыстану ғылымдары факультетін “Экология” мамандығы бойынша бітірген.
Орнитология – жас натуралистердің сабақтары үшін зоологиялық ғылымдардың ішіндегі ең ыңғайлысы. Табиғатқа ұқыпты қарауға баулу және оқушыларды табиғат пен адамның игілігі үшін ғылыми және техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалануға үйрету – экологиялық үйірменің міндеттерінің бірі.
Педагог имеет награды:
Оқушыларды республикалық, облыстық, қалалық конкурстарға дайындағаны үшін «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінен Алғыс хат, жоғары кәсіби еңбегі, шығармашылық көзқарасы, болашақ буынды тәрбиелеу ісіне, білім беру саласына қосқан қомақты үлесі үшін және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысынан Құрмет грамотасының иегері.
Благодарность от Республиканского информационно – методического центра Просвещение за подготовку учащихся к республиканскоу творческому конкурсу.
«Ұстаз тілегі» ғылыми – әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ең білімді биолог» атты республикалық байқаудың I дәрежелі диплом – жеңімпазы.
«Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген байқауларға оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталған, сертификаттармен, грамоталармен мараптатталды.
«Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Булабаев Б. дан Грамота – жоғары кәсіби еңбегі, шығармашылық көзқарасы, болашақ буынды тәрбиелеу ісіне, білім беру саласынан қосқан қомақты үлесі үшін.
Құрмет грамотасы – жоғары кәсіби еңбегі, шығармашылық көзқарасы, болашақ буынды тәрбиелеу ісіне, білім беру саласынан қосқан қомақты үлесі үшін және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін берілді.
«Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ дан
Алғыс хат – «Балалардың дарындылығы мен өзін – өзі дамытудағы сапалы жағдайларын жақсарту үшін ресурстық орталықтың қосымша білім берудегі орны » атты облыстық семинарына үлес қосқаны үшін алғыс.
«Абырой» интелектуалды білім порталы ұйымдастырған республикалық байқауларға оқушыларды қатыстырып жүлделі орынға дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталған.
«AGZHAN» ғылыми – білім беру орталығында инклюзивті білім беруде ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тақырыбында өткізілген семинар – тренингке қатысқаны үшін берілген сертификат иегері.
Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығымен ұйымдастырылған республикалық семинарларға үнемі қатысқанын растайтын сертификаттар иегері.
Республикалық әдістемелік орталықпен өткізілген «балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, оларға экологиялық тәрбие беру әдістері» атты курсқа қатысқанын растайтын сертификат иегері.
Облыстық балалар биологиялық орталығының педагог маманы ретінде әр түрлі грамоталар мен алғыс хаттар иегері.
Грамота – Биология және жаратылыстану пәндерінің арасында өткізілген «Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызы» атындағы қалалық ғылыми жоба конкурсына оқушыларды дайындағаны үшін.
Сертификат – Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан республикалық онлайн семинарға қатысқаны үшін.
«Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінен
Құрмет грамотасы – кемелді келешекке аяқ басып отырған еліміздің білімді азаматтарын оқыту мен тәрбиелеу жолындағы сіңірген еңбегі үшін Ахметқалиев. Н мырзадан.
Мадақтама «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері арасындағы «Менің педагогикалық ұстанымым» қалалық байқауынан 2 орын алғаны үшін.
«Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ дан
Сертификат және Алғыс хат – «Ғылым және білім: жастардың заманауи көзқарасы» халықаралық қатысуымен өткен конференциясына оқушыларды дайындағаны үшін.
«Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ дан
Диплом– «Ғылым және білім: жастардың заманауи көзқарасы» халықаралық қатысуымен өткен конференциясына оқушыларды дайындағаны үшін.
Абай облысы білім басқармасы – «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік» «Дарын» орталығы КМҚК қатысушы ретінде берілген
Сертификат иегері.
Алғыс хат – “Семей орманы “мемлекеттік орман табиғи резерваты” республикалық мемлекеттік мекемесі “Парктер маршы – 2024” халықаралық, табиғатты қорғау акциялары шеңберінде “Қызыл кітап беттерін парақтау”экологиялық іс-шарасын дайындауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Мадақтама – 2023 – 2024 оқу жылының үйірмелер арасындағы рейтинг қорытындысы бойынша 1 орын алғаны үшін.