
2018 жылдан бастап облыстық балалар биологиялық орталығының «Орнитология» үйірмесінде қосымша білім беру педагогы болып жұмыс істейді.
Білімі: жоғары, 2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары факультетін «Экология» мамандығы бойынша бітірген.
Педагогтың марапаттары:
Қазақстан мұғалімдер қоғамы ұйымдастырған биология пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында III дәрежелі Диплом;
Мұғалімдер күнін мерекелеуге байланысты Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының адал еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін грамота;
«Биология» Республикалық блиц-турнирінде I дәрежелі Диплом;
Биология пәні мұғалімдері арасындағы халықаралық олимпиадада III дәрежелі диплом;
Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадасында III дәрежелі Диплом;
«Үздік сабақ жоспары» республикалық онлайн әдістемелік орталығы байқауының I дәрежелі Диплом;
«Мен зерттеушімін» республикалық конкурсына қатысушы дайындағаны үшін I дәрежелі Диплом;
«ЗИЯТ» ғылыми – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Анама сыйлық» республикалық қашықтық шығармашылық конкурсына балалармен белсенді қатысқаны үшін Диплом.
«Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында «Өсімдіктердің алуан түрлілігі» оқу-әдістемелік материалының жариялануын растайтын ашық сабақ үшін Сертификат.
«Орнитология» үйірмесінің тәрбиеленушілері бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. 2020 жылғы жеңімпаздар:
Дуйсенова Балауса – «Алтын күз» мерекесіне арналған республикалық конкурстың Бас жүлдеге ие болып, грамотмен марапатталды;
Барлықбаева Қарлығаш, Камешова Гулстан- жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы «Күзгі көрініс» республикалық интернет – конкурсында I дәрежелі дипломмен марапатталды;
Советбек Еркеназ, Айтказы Балнур, Советбек Дильназ – «Туған өлке құстарының көптүрлігі» қалалық суреттер байқауында І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Педагог келесі біліктілікті арттыру курстарынан өтті:
- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Қашықтан оқыту: Сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін» тақырыбы бойынша;
- NIS Nazarbaev Intellectual Schools «Қашықтан оқытуды үйретемін»;
- Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік дамуы».