Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген, білімі «Экология» мамандығы бойынша жоғары.

Педагогикалық өтілі 9 жыл. Семей қаласының Облыстық балалар биологиялық орталығында «Гүлдендіру және фитодизайн» үйірмесінде қосымша білім беру педагогы болып жұмыс істейді.

Педагогтың марапаттары:

Мұғалімдер күнін мерекелеуге байланысты Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының адал еңбегі және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін грамотасы;

«Биология»  Республикалық Блиц-турниріндегі  I дәрежелі диплом;

Биология пәні мұғалімдері арасындағы халықаралық олимпиадада II дәрежелі диплом;

Ахмет Байтұрсынов атындағы педагогикалық шығармашылықтың республикалық олимпиадасындағы  II дәрежелі дипломы;

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша адал еңбегі үшін және Мұғалімдер күнін мерекелеуге байланысты грамота;

Қазақстан мұғалімдер қоғамы ұйымдастырған биология бойынша республикалық қашықтықтан олимпиадада II дәрежелі дипломы;

«Ертегі кабинеті-2020» байқауында I орын алған үшін Грамота, кабинетті ресімдеу, шығармашылық қабілеттерін көрсеткен және 1 орын алған;

Диплом бас жүлде «Ең білімді педагог – 2022»

Алғыс хат «Балалардың дарындылығы мен өзін-өзі дамытудағы сапалы жағдайларын жақсарту үшін ресурстық орталықтың қосымша білім берудегі орны» атты облыстық семинарына үлес қосқаны үшін.

Балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға қосқан үлесі, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жандандырғаны, «Қыс аппақ қарымен сәнді» республикалық интернет — конкурсының жеңімпазын дайындағаны үшін алғыс хат;

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша адал еңбегі үшін алғыс хат;

Үйірме тәрбиеленушілері бірнеше рет жүлделі орындарға ие болады. 2020 жылы жеңімпаз атанды:

Серік Алинур «Алтын күз» республикалық қашықтық байқауында I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Кискина Ажар – «Мен энциклопедиямын» халықаралық байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қалиев Алихан «Мен энциклопедиямын» халықаралық байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Серік Алинур «Ақылды Мамонтенок»халықаралық байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Серік Алинур 2023 ж. республикалық «Үздік репортаж» байқауында сертификатпен марапатталды.

Педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

  • «Қашықтықтан оқыту: Сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін» тақырыбы бойынша «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы;
  • NIS Nazarbaev Intellectual Schools «Қашықтан оқытуды үйретемін»;
  • «Балалардың қосымша білім беру жүйесіндегі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік дамуы» РҚББОӘО.
  • Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейін бойынша мамандарына арналған «Қосымша білім беру арқылы оқушыларды экологиялық тәрбиелеу әдістері»
  • «Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру» республикалық онлайн семинары