Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары факультетін «Биология» мамандығы бойынша бітірген.

2013 жылдан бастап Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығында қосымша білім беру педагогы лауазымын атқарып келеді.

«Әлемнің таңғажайып жануарлары» халықаралық биология және география байқауында жеңімпазды дайындағаны үшін (Потянова Алина, 1 орын) Құрмет грамотасымен, «Қазақстан ұстаздары» республикалық биология олимпиадасында жоғары көрсеткіштері үшін 1 дәрежелі дипломмен, А.Байтұрсынов республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадаға қатысқаны үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталып, сертификат берілді. Биологиялық орталықтың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін грамотамен, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитеті атқару комитетінің Құрмет грамотасымен, Жаңа жыл қарсаңында оқу кабинеттерін үздік безендіру «Ертегі кабинеті- 2020» байқауында 3 орын алғаны үшін грамотамен, халықаралық деңгейдегі «Мен энциклопедия» конкурсына белсенді қатысушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатпен, «Жас зерттеуші» республикалық конкурсына оқушыны дайындағаны үшін Алғыс хатпен,” республикалық «Мен – полиглот» конкурсына оқушыны дайындағаны үшін Алғыс хатпен, «Ustaz tilegi» сайтында «Табиғат – баға жетпес байлық» ашық сабағын орналастырғаны үшін сертификатпен марапатталды

Педагог «Қосымша білім алуда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды дамытуә РОӘОО желісі бойынша 80 сағаттық республикалық біліктілікті арттыру курстарынан, «Қашықтықтан оқыту: Сабақты әзірлеуден білім беру процесін ұйымдастыруға дейін» тақырыбы бойынша 40 сағаттық «Өрлеу» біліктілікті арттыру курстарынан, сондай-ақ «Stepik.org» онлайн курсында «Қашықтан оқытуды үйренемін» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды.