
Білімі жоғары, 2004 -2008жж Семей мемлекеттік педагогикалық институты, жаратылыстану факультеті, биология мамандығын бітіріп, 2009жылдан бері «Облыстық балалар биологиялық орталығы» қосымша білім беру педагогі, «Зоология» үйірмесінің жетекшісі, екінші квалификациялық категориясы бар.
«Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығында» (2020ж), «Республикалық қосымша білім беру орталығы» сертификат (2020ж) біліктілігін арттыру курстарына қатысқан.
«Новогодний Вернисаж» атты қалалық интернет конкурсқа оқушы дайындағаны үшін алғыс хатпен(2018ж) марапатталған. «Жас зерттеуші» республикалық интернет байқауына оқушы дайындап, жүлделі 3 орын иеленгені үшін алғыс хат(2019ж) иеленген. «Қазан» айында өткізілген Республикалық «Биология» блиц- турнирінің 1 орын жеңімпазы. «Семей қаласының білім бөлімі» шығармашылық жетістіктері, болашақ буынын тәрбиелеу ісіне, білім саласын қосқан қомақты үлесі үшін «Грамота» (2020ж) марапатталған.
Куралай Серикказыевна оқушыларының жетістіктері:
Болатхан Аружан «Лисенок» атты халықаралық конкурс I дәрежелі диплом(2018ж). «Новогодний Вернисаж» атты қалалық интернет конкурсда II орын мақтау қағазы(2018ж). Қабдрашитова Фатима, Мейірқызы Әминә «Жас зерттеуші» атты қалалық конкурсында белсене қатысқаны үшін мақтау қағазы (2018ж). Ахметова Назерке «Жас зерттеуші» республикалық сайыстың облыстық кезеңінен 3 орын иеленгені үшін диплом(2019ж). «Шымшықтар- қыстайтын құстар», «Шебер қолдар», «Егер мен президент болсам» атты қалалық конкурстарына оқушылар қатысып мадақтамалармен марапатталды. Болатхан Аружан «Дарынды жас» республикалық қашықтықтан өткен конкурсында «Алтын күз» номинациясында 1дәрежелі диплом (2020ж).
Оқушылармен бірге жергілікті телеканалдарға тікелей эфирларға қатысып, журнал, газеттерге мақалалары жарияланған.
«Зоология» үйірмесінің білім беру бағдарламасының авторы.