Зайкина Ирина Игоревна- нұсқамалық-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, «Экожурналистика» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы, екінші біліктілік санатты педагог, еңбек өтілі 7 жыл. 2015 жылы «Біз — тәлімгерлер» республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды, Семей қ. «Қосымша білім берудің үздік педагогы — 2018» номинациясына ие болды. «Аранжировка өнері – гүлдердің екінші өмірі» педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық шеберлік сыныбында II орын жүлдегері. «Жас зерттеуші» V Республикалық зияткерлік турнирінде жүлдегер дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. Адал еңбегі, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитеті атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Менің экожолым» республикалық экологиялық марафонының қатысушысы. «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қосымша білім беру ұйымдарында экологиялық – биологиялық бағыттағы әдістемелік жұмысты жетілдіру» атты облыстық тәжірибелік семинарда тәжірибе алмасқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Туристік – өлкетану және экологиялық – биологиялық бағыттағы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысының қатысушысы. «Қатты қанатты отряд өкілдерінің қоршаған орта факторларына бейімділігі» атты жұмысы ұлттық академиялық білі «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағында жарияланды.