
Елемесова Айгерим Талгатовна – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қосымша білім беру педагогы. 1987 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Білімі-жоғары, Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Биология бакалавры», «Педагогика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілі-10 жыл. Биологиялық орталықта 2010 жылдан бастапқызмет атқарады, бірінші біліктілік санатты педагог. «Фенология», «Экожурналистика», «Жас натуралист» оқу-білім беру бағдарламаларының авторы.
Айгерим Талгатовна педагогтар арасындағы «Жыл педагогы-2017» қалалық конкурсының жүлдегері, «Жаңа педагогикалық технологиялар және оқыту әдістемесі», «Қазақстан ұстаздары», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық олимпиадаларының 1 дәрежелі жеңімпазы, О.А.Байқоңыров атындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Тәрбиенің негізгі месседждері-ХХІ ғасырға лайықты қасиеттер: «Рухани жаңғыру» номинациясында ІІ орынға ие болған, сондай-ақ РҚББОӘО-ның «Дарын», «Өрлеу» желілері және Семей қаласының білім бөлімінің көптеген алғыс хаттарымен марапатталған.
Айгерим Талгатовна жеткшілігіндегі үйірме тәрбиеленушілері 2019-2020 жылдары «Биология ғылымдары әлемінде» биология бойынша халықаралық конкурстарда І орын, «Эрудит: табиғат» республикалық олимпиадасында І орын, оқушылардың «Жас ғалым» ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсында 1 орын иеленген, «Алтын күз» республикалық конкурсында 1 дәрежелі диплом, «Жеңіс бояулары» республикалық конкурсында 1 дәрежелі диплом және РҚББОӘО желісі бойынша конкурстарда жеңіске жеткен.