Валерий Николаевич Дядов- жоғары біліктілік санатты педагог, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі.

Облыстық балалар биологиялық орталығын ұзақ жылдар – 1987 жылдың шілдесінен 2020 жылдың мамырына дейін басқарды.

Валерий Николаевич «Внешкольник Казахстана» республикалық оқу-әдістемелік журналының редакциялық кеңесінің және «Экоалем» балалар экологиялық-биологиялық журналының мүшесі болды. ҚР Білім беру қызметкерлерінің 4 құрылтайына делегат болып қатысты, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бойынша парламенттік тыңдауға қатысты. Қызметтегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің, облыстық білім басқармасының және Семей қаласының білім бөлімінің грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. Ерең еңбегі Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен ерекшеленді. 2010 жылы Валерий Николаевичтің еңбек жолы «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» республикалық энциклопедиясының «Оқу орындарының үздік басшылары» бөліміне енгізілді. 2011 жылы Астана қаласында өткен білім қызметкерлерінің республикалық форумына қатысты. 2012 жылы «Қосымша білім берудің жүз даңқты есімі» байқауының жеңімпазы ретінде ҚР БҒМ және республикалық оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталды. Валерий Николаевич 2012 жылы Өскемен қаласында өткен биология және химия мұғалімдерінің I құрылтайына делегат болып, әріптестерімен жинаған жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Валерий Николаевичтің басшылығымен көзге ілінбейтін жас натуралистердің шағын стансасы көпсалалы экологиялық мектептен тыс ұйым ретінде облыстық мәртебеге ие болды. Биологиялық орталық қызмет бағыттары қарқынды дамыған республиканың жетекші қосымша білім беру ұйымдарының біріне айналды. Орталық бірнеше рет облыстық және республикалық байқауларда Бас жүлде мен жүлделі орындарға ие болды. 2011 жылы биологиялық орталық республикалық «Білім ұясы» байқауында ҚР Үздік мектептен тыс ұйым болып танылып, Бас жүлдені жеңіп алды, ҚР БҒМ дипломы мен кубогы тапсырылды. 2012 жылы Семей қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған қосымша білім беру ұйымдары арасындағы рейтинг қорытындысы бойынша «Үздік мектептен тыс ұйым» атанып, миллион теңге сертификат және кубокпен марапатталды. 2014 жылы орталық республикалық оқу-әдістемелік орталық және ҚР БҒМ желісі бойынша «Қосымша білім берудің алтын қоры» кітабына енгізілді.