
Вощакина Дарья Николаевна –биология бөлімінің меңгерушісі, қосымша білім беру педагогы.
Білімі-жоғары, 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Биология» мамандығы бойынша бітірді, осы ұйымдағы жалпы еңбек өтілі — 9 жыл.
Педагогтың марапаттары:
Қосымша білім беру ұйымдарында балаларды дамыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін министрдің грамотасы;
Көп жылдық педагогикалық қызметі, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасы;
Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі адал шығармашылық еңбегі үшін Семей қаласының білім беру бөлімі басшысының грамотасы;
Көп жылғы адал еңбегі үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы;
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы олимпиаданың I дәрежелі дипломы;
Кәсіби мереке-Мұғалімдер күніне байланысты қалалық мәслихаттың Алғыс хаты.
Педагог семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті:
«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» республикалық семинарының сертификаты;
«Жобаларды тиімді басқару = өсу шектеуі» семинар-тренингтің сертификаты;
«Оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары» республикалық семинар сертификаты;
«Менің ЭКО жолым» республикалық экологиялық марафонының сертификаты;
«Әлеуметтік желілердегі Маркетинг (SMM)» республикалық курсының сертификаты;
«Қашықтан оқыту: Сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін» «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сертификаты;
«NIS Nazarbaev Intellectual Schools «Қашықтан оқытуды үйрену» сертификаты;
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту» РМБОО сертификаты.