Төкенова Жансая Серікқызы 2003 жылдын 16 қаңтар күні Үржар ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келді. 2024 жылдан бастап Семей қаласындағы «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК қосымша білім беру педагогі болып жұмыс жасайды. «Өсімдіктану» үйірмесінің жетекшісі.
Білімі жоғары, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің, жаратылыстану-математика факультетінде 6В01510 –Биология мұғалімдерін даярлау мамандығын бітірген.
Өсімдіктану- өсімдіктер жөніндегі ғылым, олардың құрылысын, биологиясын, физиологиясын, экологиясын, таралуын, эволюциясын және жүйеленуін зерттейді. Өсімдіктермен жұмыс оқушылар үшін және жалпы адамзат үшін маңызды. Олардың организмдердің басым көпшілігі үшін қажет атмосфералық ауаны оттегімен қамтамасыз ететіні, азық болатындығы, энергетикалық ресурстардың негізі болып табылатынын, сонымен қатар шикізат екенін түсіндіреміз. Біздің үйірмеде сондай-ақ табиғаттағы барлық өсімдіктерді қорғау, оларды аялау керектігін оқытамыз. Және де үйірме арқылы оқушыларды табиғат пен адамның игілігі үшін ғылыми және техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалануға үйретеміз.
Мұғалімнің жетістіктері:
- Командаларға жетекшілік ету :Көшбасшы ретінде даму (COURSE CERTIFICATE )
- «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтердің қызметке дайындығын қалыптастыру» (CERTIFICATE )
- Business correspondence.Practice of foreign communication. (Minor) (CERTIFICATE )
- Биология және жаратылыстану пәні сабақтарына арналған “Модельдеу – ғылыми таным әдісі” тақырыбында білім беру ресурстарын қолдану тәжірибелерінен қалалық байқауында ІІ дәрежелі диплом