Білім беру процесінде әртүрлі жастағы балаларға сатылы білім беру құрылымы жұмыс істейді.
Білім берудің бастапқы сатысында мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушылары қамтылады, оларға қоршаған ортаның құбылыстары туралы, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы білім алып, табиғатпен дұрыс қарым – қатынас жасауды үйренеді, тірі ағзаларға фенологиялық зерттеу жүргізеді.
Келесі кезеңде орта жастағы және жоғарғы жастағы оқушылар қамтылады, теориялық, зертханалық, тәжірибелік сабақтардан басқа олармен фенологиялық зерттеулер жүргізіледі, сараптамалар және іс – тәжірибелер жүргізіледі. Сөйтіп, бастапқы алған білімдерін жетілдіреді.
Ғылыми жобаларды орындау жұмысына тікелей қосылуға, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары бойынша терең білімге мүмкіндік беретін экология және биологиялық цикл ғылымдарымен айналысқан жоғарғы класс (немесе сынып), оқушыларымен студенттер келесі сатыны құрайды.
Жалпы 855 оқушының қамтылуымен орталықта ақысыз негізде 57 бейінді үйірме жұмыс істейді (оның ішінде 30 үйірімеде қазақ тілінде білім беріледі).
«Зоология» үйірмесі
«Зоология» үйірмесінде оқушылар биология және жануарлар әлемінің экологиясы туралы білімдерін толықтырады. Жануарлар бұрышын мекендеушілермен тікелей қарым-қатынас жасаудың сирек мүмкіндігін пайдаланады.
Үйірмеде білім алу баланың ақыл-ойымен жан дүниесіне жағымды әсер етіп, жеке тұлғаның қалыптасуына жақсы ықпал жасайды. Декоративті ор қояндардың, ампулалы моллюскілердің көбейіп, дамуы бойынша тәжірибелер жүргізеді. Маусымдық өзгерістерге байланысты жылқылардың және еліктердің абақта ұстау жағдайындағы тәуліктік белсенділіктерін бақылайды. Көбею кезеңдерінде европалық кермаралдың, қасқырлардың, қоңыр аюдың мінез-құлықтары жайындағы деректер қызытырады. Жануарлар әлемінің әртүрлі қластарының биологиялық ерекшеліктерін зерделей отырып, оқушылар сирек және құрып бара жатқан жануарлар туралы, оларды сақтап қалу және санын қайта толтыру шаралары жайында мәліметтер алады. Практикалық сабақтар барысында жас натуралистер жануарлардың балаларына қарап күтеді, «біздің кіші бауырларымызға» қамқорлық жасауды үйрененіп, абақта ұстау жағдайындағы жануарлардың тағдырларына жауапкершілікті сезінеді.
«Орнитология» үйірмесі
Құстар табиғаттағы бақылайтын объектілердің ең қызықтысы. Олар барлық жерде бар. Тіпті ең үлкен деген қалаларда да оларды табиғи ортасында зерттеуге болады. Балалар оптикалық аспаптың көмегімен үйірме сабақтарында жергілікті өңірдің құстар әлемін зерттейді. Сөйтіп, орнитолог-ғалымдарға тәжірибелік көмек көрсетеді. Жас орнитологтар фенологиялық бақылаулар барысында Полковничий аралындағы құстардың ұшып келу және ұшып кету мерзімдерін анықтайды. Құстар әлемі түрлерінің құрамын айқындайды. филинов, попугаев, канареек Тауысты, үкіні, тотықұсты, шымшықты асырау бойынша тәжірибе жинақталып, толықтырылып отырады. Экологиялық акциялар өткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Жас қала тұрғындары үшін «Құстардың асханасы», «Құсқа арналған үй» сияқты акциялары дәстүрге айналған.
«Дендрология» үйірмесі
«Дендрология» үйірмесінде өзіміздің жергілікті ағаш және тал-шілік
өсімдіктерін өсірудің агротехникалық әдістерімен сұрыптамасын, табиғат учаскілерін әрлендіру мен безендіру элементтерін терең оқыту қарастырылған. Жас натуралистер орталықты және қаланы көгалдандыруға арналған ағаш және тал-шіліктердің үлкен сұрыптамасын өсіріп, оларға бақылау жасайды. Экологиялық ойындар, табиғатқа жорықтар, экскурсиялар үлкен орын алады.
Сонымен қатар, үйірмеге қатысушылар туған өлкеміздің ағаш –сүрек өсімдіктерінің экологиялық жағдайының деңгейін және өсімдіктік ауруларымен сүрек зиякестерінен қорғау жолдарын зерттейді
«Жас зерттеуші» үйірмесі
«Жас зерттеуші» үйірмесінде балалар өздерінің бірінші жаңалықтарын ашып, қоршаған орта туралы көптеген сұрақтарына жауап таба алады. Өсімдіктермен және жануарлармен қызықтырып еліктіретін сараптамалар және тәжірибелер жасап, балалар табиғаттағы құбылыстарға бақылау жасауды үйренеді.
Оқушыларға: ормандардың, өзендердің, даланың, таулы жерлердің және басқадай туған өлкелерінің табиғатын зерттеумен айналысу мүмкіндігі беріледі. Осындайдан мектеп оқушылары өсімдіктермен жануарлар әлемі арасындағы өзара байланысты түсініп, тірі табиғатты зерттеу үшін дағды және машықтары қалыптасады, өздеріне және қоршаған әлемге құрметпен сыйлай қарауға тәрбиеленеді. Балалар өздерінің қарым-қатынас жасап араласуды, бақылап талдау жасауды, ұжымда жұмыс істеулерін дамытады. Сабақтарды ұйымдастыру үшін зертханалық, практикалық жаттығулар, биологиялық сараптамалар, микроскоппен бақылаулар жүргізіліп, сынамалар алынуларымен практикалық- бағдар үйірменің негізі болуы ерекше маңызды. Табиғаттың ортасында өткізілетін практикалық жаттығулардың көмегімен балалар табиғаттың сайма-сай ресурстарына жанама қол жеткізу, гербарий дайындау үшін материал жинап алуға мүмкіндігін алады.
Өздерінің барлық зерттеулерін үйірме тәрбиеленушілері қалалық, облыстық, республикалық және халық аралық конференцияларда көрсетіп ұсынады.
«Безендіру және флористика» үйірмесі
Гүлдерді безендіру және флористика үйірмелік жұмысының тартымды бағыты қалалықтардың арасында үлкен сұранысқа ие және танымал. Бұл үйірмеде оқушылар гүлдерді безендіру өнерін танып біліп, нәзік те жанды табиғатта әдемілікті көруді үйренеді.
Эмоциалдық қабылдау арқылы қоршаған әлемнің әдемілігін және сырларын аңдап ұғу балалардың эстетикалық сезімдерін, экологиялық ойларын дамытады. Үйірмедегі тәжірибелік және өзіндік жұмыстар жүргізу, табиғатқа экскурсия жасау, гүлдер композицияларының көрмелері барысында балалардың шығармашылық қабілеттері қалыптасады.
Әлем халықтарының көп ғасырлық дәстүрлерімен танысу, табиғат материалымен, тірі гүлдермен, кепкен гүлдермен ұдайы жұмыс істеу оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің пайда болып, қалыптасуына зор ықпал етеді.
«Гүл өсірушілік және фитодизайн» үйірмесі
Көпшіліктің арасында жоғары назарда болған «Гүл өсірушілік және фитодизайн» үйірмесі өзінің бұрынғы маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Үйірмедегі теориялық және тәжірибелік сабақтарда оқушылар тек гүлдік мәдениеттің сан алуандылығымен олардың биологиялық және декоративтік қасиеттері туралы ғана емес, сонымен бірге өсімдіктерге дұрыс күтім жасауды, өсірілетін гүлдердің гүлдеу кезеңдерін және реңдік үйлесімдіктерін есепке ала отырып, гүлзарларды және гүлжиектерін топтастыруды үйренеді.
Бөлме гүлдерін өсіру, оларды көбейту әдістері, оларды ішкі бөлмелерді көркемдеуде пайдалану оқушылардың нақты қызығушылықтарын арттырады.
тагетесаның, петуньияның, сальвияның ерте гүлдеу мерзімдерін алуға, гиацинттарды және қызғалдақтарды қолдан өсіру бойынша жүргізген тәжірибелерінің нәтижелері мәңгі бақи балалардың естерінде қалады тудырады.
Өсімдіктер нәзік сезімдерді оятып, жағымды түйсіктерді туғызады, үйге өмір белгісін кіргізеді. Пәтерді, холлды, кеңсені, балконды, үй алдындағы бастырманы (террассаны), қыстық бақты- кез келген орынды олар жайлы алқапқа айналдырады. Өсімдіктер бізге бояулардың, пішіндердің, иістердің орасан көп түстерін ашады.
Көгалдандыру бойынша үйірмеде алған кеңестер шығармашылық шабыт болып, адамды қоршаған ортаны «жұмақтай жерге» айналдыруға көмектеседі.
«Бағбаншылық» үйірмесі
«Бағбаншылық» үйірмесінде оқушылар жеміс-жидектерді жетілдіру және өсіру машықтарын үйренеді. Өсімдіктерді күтіп баптауды үйренеді, олардың өміп дпаму кезеңдеріне фенологиялық бақылау жүргізеді.
Оқушылар Семей қаласының шұғыл-континенталдың ауа-райы жағдайында өсіп өнуге бейімделген өсімдіктердің сұрыптарын және тұқымдарын зерделейтін тәжірибе және зерттеу жасауға ерекше қызығушылық танытады.
Жас бағбандар органикалық және минералдық тыңайтқыштардың өндіріп өсіретін жеміс-жидектердің өнімділігіне және сапасына қалай әсер ететіндерін анықтайды. Ал ең маңыздысы олардың өз қолдарымен өсірген экологиялық таза өнімдерінің дәмін тату мүмкіндіктері бар.
«Аквариумистика және террариумистика» үйірмесі
Аквариум – жанды организмдерді олардың жеке тұлғалық дамуларын, мекендей ортасымен байланысын, өзара қарым-қатынастарын жан-жақты зерделеуге мүмкіндік беретін жұмыс объектісі. Балалар жеке организмдердің ортақ биологиялық байланыстық маңызымен табиғаттағы заттардың айналымын, табиғатты ғылыми қорғаудың негізімен көрнекі түрде танысады. Аквариумде жүргізілетін бақылаулар ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін мол мүмкіндіктер береді. Үйірме мүшелері аквариумдерді орнына бекітуге дайындау, төсеніш құралдарын құру, өсімдіктерді таңдап орналастыру, тастарды, бұтақтармен тамырларды пайдалану, аквариумдарды және террариумдарды декорациялау –осы және басқада көптеген сұрақтарды үйірме сабақтарында шешеді.
«Фенология, ғылым және табиғат» үйірмесі
Фенология – жыл мезгілдерінің ауысуымен негізделген табиғаттың маусымдық өзгерістері туралы ғылым. Оқушылар сабақтарда метеостанция көмегімен ауа-райының жайына әсер ететін маусымдық өзгерістердің басталу мерзімдерін тіркейді: құстардың ұшып кетуін және қайта ұшып келуін, қыстап шыққан құрт-құмырсқа, шыбын шіркейлердің оянуын, өсімдіктердің гүлдеуін және т.б. Өсімдіктерге фенологиялық бақылауларды жүргізу кезінде балалар олардың өсу және даму кезеңдерін: ағаштармен талдардың сөлдерінің қозғалысын, ағаш бүршіктерінің бөртуін, бүршік атуын, жапырақ жаюының басталуын және сол сияқтыларды байқайды.
Қарапайым өсімдіктермен жануарлардың гидрометеорологиялық және маусымдық құбылыстарын тіркейтін фенологиялық бақылаулардың объектілері болатын өсімдіктермен және жануарлармен егжей-тегжейлі танысу іске асатындықтан, фенологтардың үйірмесінде сабақ оқу зерттеушілік сипат алады және туған өлкеміздің табиғатын жақсы зерделеуге көмектеседі, биология, экология, табиғат тану пәндері бойынша білімдерін толықтырып тереңдетеді.
«Экология және табиғатты қорғау» үйірмесі
Үйірме сабақтарында балалар табиғат ортасына антропогендік әсер етудің салдарларын және себептерін анықтайды, туған өлкеміздің табиға топтанудың жай-күйін зерделейді, флорамен фаунаның сирек және құрып бара жатқан түрлері, оларды құтқару шаралары жайлы мәліметтер алады, негізгі экологиялық түсініктермен танысады, өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың экологиясын, адами моноториг негіздерін зерделейді, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қарастырады.
Жас экологтардың тәжірибелік істері экологиялық онкүндіктердің өткізуінде, Жер күніне, Қоршаған ортаны қорғау күніне, Орман күніне және т.б. атаулы мерекелерде көрініс табады.
«Табиғат және біз» үйірмесі
Оқушылар «экология», «табиғат», «экологиялық тауаша» түсініктері; жанды және жансыз табиғаттың өзара қарым-қатынастары; табиғаттық экожүйелердің адамдар өміріндегі маңызы; экологиялық проблемалар және көптеген тағы да басқаларды «Табиғат және біз» үйірмесінде танып біледі.
Айналадағы төңіректің флорамен фаунасын зерделеу кезінде балалар жылдың әр маусымында өсімдіктерге және жануарларға әртүрлі экологиялық факторларға негізгі назарларын аударады. Балалар: табиғат құбылыстарын байқауды, «адам-табиғат», «адам-қоғам» арасындағы қарым-қатынасты анықтап түсіндіруді; қоршаған адамдардың табиғатқа деген көзқарастарын бағалауды (достарының, сыныптастарының, үлкендердің); әртүрлі ақпарат көздерінен ақпарат алуды, орманда, өзенде, қоғамдық орындарда дұрыс өздерін ұстауды үйренеді.

















