Демалыс – бұл қуанышты, шаттыққа толы бос уақыт. Барлық балалар осы уақытты қуанышпен, тағатсыздана күтеді және жақсы көреді. Балалар демалысын шаттыққа толы, жарқын да қызықты, мазмұнды және есте қаларлықтай ұйымдастыру- ұжымның басты ойы.
Оқу жылындағы демалыс бұл:
- БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫНЫҢ МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
- МАУСЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР
- БҰҚАРАЛЫҚ – ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРАЛАР
- ТАБИҒИ ШЕБЕРХАНАЛАР
- ТАЗА АУАДАҒЫ ОЙЫНДАР
- «ЖАС ШАБАНДОЗ» КЛУБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
- ӨСІМДІК ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ
Орталықта келесі бағдарламалар жұмыс істейді:
- Күзгі демалыс
- Қысқы демалыс
- Көктемгі демалыс
- Жазғы демалыс
Қаланың мектеп оқушыларын демалыстары күндерінде биологиялық орталыққа тірі табиғатпен қарым – қатынас жасауға шақырамыз!
Жаз – бұл шағын бір өмір
Жаздың қызған кезінде табиғат өзінің асқан әдемілігімен гүлденетін кезінде, орталық аумағы шынымен де жұмақ бұрышына айналады. Ағаштармен талдар, гүлзарлардағы хош иісті гүлдер, көкеністермен жидектер учаскілері –барлығы көздің жауын алады. Әсіресе, флора мен фауна әлеміне араласып, бейінді экологиялық лагерде демалудың тамаша мүмкіндігін көретін ұлдармен қыздар ерекше қуанады.
Жазғы лагердің тарихы 2002 жылдан басталады, жыл сайын 600-ден аса қаланың мектеп оқушылары белсенді демалып, оқу бағдарламаларымен, үйірмелермен секциялардың материалдарымен танысады.
Лагерь 5 маусымнан 18 тамыз аралығында 10 күннен 5 ауысым ішінде ақысыз тегін негізде жұмыс істейді.
Оқушылармен мектептен және сыныптан тыс тәрбие-сауықтыру жұмысының бір нысаны түріндегі экологиялық бағыттағы лагерь өзі табиғатпен тікелей қарым-қатынаста жағдайында жалықтырмайтын қол жетімді нысанда іске асырылатын балаларға экологиялық тәрбие және білім беру оқушылардың мектеп демалысы кезіндегі демалуларымен сауықтыруларын табиғи түрде біріктіреді. Нақтылағанда, осыдай лагерде балаларға тек қана сергек көңіл күй ғана емес, экологиялық талаптардың және қоршаған ортадағы адамзаттың рөлін қалыптастыруға ықпал ететін айтарлықтай білім қоры беріледі. Әртүрлі мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралармен теориялық және экскурсиялық сабақтарды табиғи үйлестіру есебінен осындай нәтижеге қол жеткізіледі. Лагердің бағдарламасына қоршаған әлем, биология, экология бойынша сабақтар, туған өлке табиғатымен таныстыру және қарапайым экологиялық егістік алқаптағы зерттеулер, өздік зерттеулері бойынша конференциялар, конкурстар, экологиялық және спорттық бағыттағы бұқаралық іс- шаралар кіреді.

















