Құрметті ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Адамның экологиялық жауапкершілігі мен сауаттылығы – қазіргі заман талабы. Алайда экологиялық  тәрбие мен білімсіз оны қалыптастыру мүмкін емес.

Сәуір айының 9 мен 30 аралығында сырттай өткізілетін «Мен қаланың тазалығы үшін!» атты фото сурет байқауы жарияланады. Байқауға қала мектептері мен қала маңындағы мектеп оқушыларын қатысуға шақырамыз!

 «Мен қаланың тазалығы үшін!» – шығармашылық, іздемпаз – ағартушылық жұмыстары, оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен жеке дара тұлғалық көзқарасын қалыптастырады. 

Ортақ негіздеме

Фотобайқау мақсаты: оқушыларды экологиялық проблемаларды шешуге жұмылдыру және экологиялық сауаттылығын дағдыландыру.

 

Байқауға 4-18 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады: кіші жас санаты 4-6 жас, кіші жас санаты 7-9 жас, орта жас санаты 10-12 жас, орта жас санаты 13-15 жас, үлкен жас санаты 16-18 жас.

Байқау келесі номинация бойынша өткізіледі:

  • Мектеп ауласының тазалығы (Дейін және кейін)
  • Менің таза аулам! (Дейін және кейін)
  • Қаланың ең лас жері (фото, сол жердің мекен жайы жазылуы тиіс)

Фотосурет байқауы. Байқауға тақырып бойынша жасалған бір фотосурет немесе бір-бірімен сюжеттік мағынасы бойынша байланысқан 3 данадан аспайтын фотосуреттер қабылданады. Автор өзінің фотосуреттеріне 3-4 сөйлемнен тұратын қысқаша сипаттаманы А4 форматына жазуы тиіс (сурет мазмұнын анықтаушы, номинациясы, жері, түсірілген уақыты,оқу орнының мекен-жайы;облыс,аудан,ауыл,қатысушының АТӘ КММ № ЖОБМ, сынып,жасы. Жетекшісі:АТӘ жетекшісінің байланыс телефоны). 

Қабылданатын фотосурет файлы– JPЕG немесе PNG форматында болуы тиіс. 

Байқау жұмыстарын 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін  биологиялық орталықтың электронды поштасына жіберілуі тиіс biodetcenter@mail.ru. 

Ғаламтор мен өзге авторлардан алынған жұмыстар қабылданбайды.

 Байқаудың қорытындысы

  1. Байқау қорытындысы бойынша әділқазы алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
  2. Жеңімпаздар әрбір санат бойынша I, II, III дәрежелі диломмен марапатталады.

Байқау қорытындысы 12 мамырда жарияланады.


Письмо СШ№32

Письмо СШ№35