Микроскоп арқылы көрінетін тірі организмдер

Бүгін облыстық балалар биологиялық орталығының «Экожурналистика» үйірмесінде ерекше сабақ өтті. Шын мәнінде, микроскоппен көруге болатын көп нәрсені біз біле бермейміз.


Микроскоп көмегімен өтетін сабағымыздың мақсаты – зерттеулер жүргізу және жалпы биологиялық, атап айтқанда микробиологиялық білімді насихаттау. Расында, күнделікті біз топырақты басып жүреміз, шалшық суды айналып өтеміз, есіктің тұтқаларын ұстаймыз және осы нысандарда көптеген тірі организмдердің өмір сүретіні туралы ойымызға да келмейді. Ия, олар көзге көрінбейді, бірақ бар! Олар біздің ой-санамызға қарамастан өмір сүреді және таңғажайып әлемнің өзіндік заңдары бар. Микроорганизмдер бізді барлық жерде қоршайды деп толық айтуға болады. Микроскоп құралы бізге микроорганизмдердің сырын ашуға мүмкіндік береді.
Колбаға құйылған аз мөлшердегі суға тәжірибемізді жасап, қандай организмдер өмір сүретіне көзімізді жеткіздік және танымды болу үшін бейнетаспаға түсірдік. Инфузориялар-ұсақ құрттар, 2 айдан кейін жойылып кетті, ал олардың орнына айналмалы кірпікшелер, еркін қозғалатын жұмыр құрттар пайда болды және бүгінгі күнге дейін колбада өмір сүруде. Осыдан микроскопты зерттеу жұмыстарын жүргізуде сөзсіз арзан құралға жатқызуымызға болады. Кәдімгі гүл өсіретін құмырадағы 2 грамм топырақтың өзінде мыңдаған инфузорийлерді- ұсақ құрттарды көре аламыз және олар 2 айдан өмір сүреді! Микроскоптың тағы бір ыңғайлы тұсы барлық бақылау жұмыстарын биологиялық орталықта, сонымен қатар үй жағдайында да жасауға болады, ол үйіңіздегі кішігірім зертхана! Тәжірибені үйден шықпай жасай аласыз және оған ауа-райының ешқандай қатысы жоқ.
Шынымен, таңғажайып емес пе, өмірде көзге көрінбейтін қаншама қызықтар бар десеңші!

Иванова Ксения,
Семей қ. облыстық балалар биологиялық орталығының
«Экожурналистика» үйірмесінің тәрбиеленушісі,
жетекшісі- Зайкина Ирина Игоревна

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.