1992 жылы дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн бекітілді. Тәуелсіз елдің дәл осы атрибуттары мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді.
Бүгін 4 маусым мелекттік рәміздер күніне орай биологиялық орталықта « Мен елемінің патриотымын» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балақайларға рәміздер туралы толық мәлімет берілді. Әр бала туған еліне қосқан үлесі туралы баяндама жасады.Ата-бабамыздың аңсап кеткен арманы мен азаттық идеяларын бойына сіңірген тәуелсіздігіміздің осы үш нышаны қазақстандықтарға рух береді. Отанымыздың рәміздерін құрметтеу және қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бейбіт аспанымызда тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, елтаңбамыз айбынымызды асырып, әнұранымыз Ұлы даланың еркіндік үнін жеткізе берсін.
Мереке құтты болсын!

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.