Жеңіспен оралды!

Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығының 4 жас натуралисінен құралған команда: №28 ЖОББМ оқушысы Арбацкий Андрей, №43 ЖОББМ оқушысы Ахметова Назерке, № 34 ЖОББМ оқушысы Сұлтанбек Азалия, №19 ЖОББМ оқушысы Айтбекова Айзат орталықтың әдіскері Кенжеболатова Ләззат Қайратқызының жетекшілігімен 2019 жылдың 25-қарашасында Өскемен қаласында өткен «Дарын» облыстық орталықтың желісіндегі «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» бағытындағы оқушылардың облыстық ғылыми жобалар конкурсына қатысты.

Орталықтың жас натуралистері «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» экологиялық-биологиялық бағыттағы ғылыми — тәжірибелік конференцияда өздерінің зерттеу жобаларын ұсынды.  Екі жобаның авторлары Арбацкий Андрей және Ахметова Назерке жүлдегер атанып, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.