Ынталандырып оқыту

Виртуал әлемін еркін игеретін қазіргі заманның баласын экологиялық жаңалықтармен таң қалдыру мүмкін емес, дегенмен оның экологиялық мәдениетін арттыру – бүгінгі таңда өмірдің маңызды өлшемдерінің біріне айналды.

Бұл өзекті мәселе биологиялық орталықтың қосымша білім беру педагогтарының міндетіне қатысты. Сабақ өткізу барысында олардың алдында маңызды екі сұрақ тұрады: балаларды қалай ынталандыру және экологиялық сауатты жолға қалай бағыттау? Осы аталған сұрақтарды шешуге түрлі заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану, әріптестер арасында тәжірибемен алмасу, биологиялық орталықтың флорасы мен фаунасының қызықты базасын қолдану көмектеседі.

«Табиғат және біз» үйірмесіне қатысатын балаларды еліктіруге маған не көмектеседі? Үйірмеге негізінен 9-14 жас аралығындағы оқушылар қатысады, үйірме бағдарламасы биологияның әр түрлі саласынан қызықты деректерді қамтиды, алайда мен өз сабақтарымда ойын технологияларын кеңінен қолданамын. Командалық, жеке, рөлдік ойындар – менің сабақтарымда қолданылатын ойын түрлерінің толық тізімі емес, сонымен қатар әріптестерімнің тәжірибесінен көп нәрсені педагогикалық қызметіме енгізуді жоспарлап отырмын. Мысалы, биологиялық орталықтың биоәртүрлігін зерттеу туралы жаңа тақырыпты түсіндіру барысында рөлдік ойын элементтерін пайдаланамын, әр жас натуралист өзіне ұсынылған картада көрсетілген жануардың орнына өзін қойып, сол жануардың атынан тілек-талабы туралы ашықхат жазады. Хатта біздің орталықта жануардың қалай өмір сүріп жатқаны (қоян, тотықұс, атжалман, тасбақа, т.б.) туған отаны, тіпті қандай арманы бары туралы жазуға болады.  Сондай-ақ, тәрбиеленушілер өз үйінде асырайтын жануары  атынан да хат жаза алады. Осы ойында балалар қолында асырайтын жануарының қалауын өте нәзік сезініп, сезімдері мен эмоцияларын сөздерімен жеткізеді, бұл өз кезегінде оқушылардың ішкі жан дүниесін жақсартуға, мейірімдікке тәрбиелейді.

«Сұхбат» ойынында «Жануарлар өміріндегі маусымдық өзгерістер» тақырыбын зерттеу барысында балалар әр түрлі бұқаралық ақпараттағы биология ғалымы мен журналистердің рөлін көрсетеді. Бұл ойында үйірмешілер өздерінің ұйымдастырушылық, авторлық және шешендік қабілеттерін арттыруға, сондай-ақ көпшілік алдында қобалжымай сөйлеуге бейімделеді. Ойын барысында журналистер шектеулі уақыт ішінде өздері құрастырған тиісті сұрақтарды қояды, ал биолог-ғалымдар журналистердің сұрақтарына жауап береді. Ойынның бүкіл барысын «Сұхбат» бағдарламасының жүргізушісі бағдарлайды, ал оператор болса бейнетүсірілім жүргізеді. Ойында жануарлар туралы кітаптар, энциклопедиялар мен журналдарды пайдалануға болады, сөйтіп балаларды кітап оқуға тартады. Кітапты оқи білу және маңыздысын анықтап, қызықты сұрақтар құрастыру – балалардың зеректі ойларын дамытады.

Сабақтың қорытындысын шығару барысында қолданылатын тағы бір ойын-  «Зияткерлік ойын». Бұл ойында әрбір дұрыс жауап үшін 10-нан 50-ге дейін ұпай жинай отырып, өз білімдерін жеке түрде көрсете алады. Дұрыс жауаптың ұпайларын қосу арқылы жеңімпаз анықталады. Ойын барысында балалар ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, алған білімдерін тұжырымдайды, сонымен қатар өздігінен шешім қабылдауға, шыдамдылық танытуға үйренеді және үйірменің тәрбиенушілерімен тең жағдайда жеңіске ұмтылады.

Аталған ойын түрлері үйірме бағдарламасы шеңберіндегі ең тиімді ойындар. Рольдік ойындарда балалар өз  ойын ашық айтып, қорқынышты жеңеді, жеке ойында өзінің рөлі мен маңыздылығын сезінеді, командалық ойындарда бірін-бірі қолдап, бір-бірінен үйренеді. Ойын бола тұрса да нақты өмірден алынған соң балаларды қызықтырады және болашақта өмір сұрақтарына жауап табуға міндетті түрде көмегін тигізеді. Қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүріп, табиғатты сақтау жолында дұрыс шешімдер қабылдау үшін биология және экология саласындағы жоғары адамгершілік экологиялық мәдениет пен білімге ие болу керек, өйткені бұл бүгінгі күннің шындығы.

 

 Султабаева Сулушаш Зедаевна

Облыстық балалар биологиялық орталығының

қосымша білім беру педагогы,

«Табиғат және біз» үйірмесінің жетешісі

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.