Теңіз шошқасы – сүйкімді жануар!

Биологиялық орталықта теңіз шошқасын зерттей келе оның есту және дыбыс шығару қабілеті жоғары екенін анықтадық және осы қасиеттері олардың өмірінде маңызды рөл атқарады.

Дыбыстары әртүрлі, солардың ішінде үш басты дыбыстары: олар аш болса, таныс адамдар жақындағанда қатты шыңғырады; ашулы болса тістерін шықырлатады; қуанған жағдайда-ақырын міңгірлейді, әсіресе оларды сипаласа, сәбіз, асқабақ, қияр, қырыққабатпен тамақтандырса.

Өзінің қылықтарымен теңіз шошқалары иесіне белгі береді. Егер ол секірсе- көңілдері көтеріңкі, артқы аяқтарына тұрып, алдыңғы аяқтарын созса- өзіне назар аудару. Жануарлар қырағылық танытса немесе таңырқаса басын алға қарай созады. Осы сүйкімді жануарларды қанша бақыласаңда жалықпайсың!

 

Мухаметкаримов Арнур, Семей қ. облыстық
балалар биологиялық орталығының
«Жас натуралист» үйірмесінің тәрбиеленушісі

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.