Қош келдің, қыс!

Қыс – керемет көз тартарлық кезең. Әсіресе аспаннан жапалақтап үлпек қар жауып, айнала аппақ көрпеге оранған сәті – сөз жетпейтін әдемі. Жылдың ең суық кезеңінің жасырын құпиясын біз биологиялық орталықта өткізілген сабақтардан білдік.

Қар туралы әдеби деректерді зерделей келе, қар ұшқындарының адамдар сияқты бір-бірінен айырмашылығы барына мәлім болдық, ең үлкен қар ұшқынының диаметрі 38 сантиметрге барады! Қар күн сәулесімен шағылысады, сондықтан қыста жер жылынбайды.

Қар пішініне мұқият көз тіксең, олардың айқын және таңғажайып бірбеткей көптеген тегіс қырлары бар екенін көруге болады. Әрбір қар кристалының ортасында кішкене тозаң бар, ол вулкандық күлдің немесе ғарыштан ұшып келген бөлшек те болуы мүмкін. Тозаңның айналасына мұз кристалы түзіледі, қардың пішіні ылғалға, ауа температурасына және желге байланысты өзгереді.

Қар негізінен түссіз, бізге ақ болып көрінуі күнмен шағылысуы әсерінен. Қар бірнеше мұз кристалдарынан тұрады, сондықтан жарық олар арқылы өткен кезде таралып, әрбір жеке кристалдан көрінеді. Көз алдыңызға  тамаша көріністі елестетіңізші, арайланып таң атқанда және қызарып күн батқанда қар да қызғылт болып көрінеді!

Біздің бақылауымыз бойынша биыл алғашқы қар 10-қарашада жауып, тез еріп кетті, былтыр 3-қарашада жауған. 19- қараша күні таңертең далаға шықсам, айнала аппақ, қалың қар жауған екен. Бұл нағыз, қысқы қар, шырша бұтақтары да қар жамылған, күнге шағылысып жалт-жұлт етеді, осы дымқыл қардан аққала соғуға болады. Енді шаңғы, коньки, шанамен сырғанайтын кез келді! Қош келдің, көптен күткен қыс!

 

Тұрсынғалиева Қымбат, 7 сынып

«Жасыл ел» үйірмесінің тәрбиеленушісі

Амирханова Жанар Болатбековна,

Семей қ. облыстық  балалар биологиялық

                                                    орталығының қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.