Суықторғайлар – тартымды әнші құстар!

Қыс маужыраған орманға еніп, ағаштарды ызғар құшағындағы үлпек қармен көмкерді. Ақ киімге оранған ағаштардың арасынан нағыз қыс құстары- суықторғайлар ұшып шықты. Құстың суықторғай аталуы да қыстың суығымен байланысты. Құстың латынша «Pyrrhula» атауы «отты» деген мағынаны білдіреді. Себебі осы құстың аталығының кеудесі алқызыл түсті.

Бірақ бұл құстарды тек қыс мезгілінде  тамашалауға болады, ал жазда ұрпағына қамқорлық жасау тірлігімен көзге аз түседі.  Суықторғайлар үркек құс болғандықтан қыс мезгілінде қосымша жем іздеу мақсатында қалаға немесе саябақ аймақтарына аса жақындамайды және  мазалағанды ұнатпайды. Сонымен қатар сенгіш және аңқаулығы да бар, егерде бір құс торға түскіп қалса, суықторғайлар тобымен көмекке ұшып келеді. Бұл құстардың бояуға қатысты жыныстық еркшеліктері бар: аналықтарының денесінің ең жарқын және көрнекті бөлігі- қызғылт-сұр реңді кеуде тұсы, ал аталықтарының кеудесіндегі қауырсындары алқызыл түсті. Осы сыртқы ерекшеліктеріне байланысты олар көптеген құстардың арасында оттай жарқырап бірден көзге түседі.

«Орнитология» үйірмесі кабинетінің терезесіне қарама-қарсы қыстайтын құст

арды бақылауға және оларды қоректенуге арналған жемшашарлар орналастырылған, қанша ақырын жақындасан да құстар адамдардан шошып, тез ұшып кетеді, сондықтан көбінесе құстарды терезеден бақылауға тура келеді. Бақылау жүргізер алдында қыстайтын құстар туралы әңгімелер, тақпақ-өлеңдер оқылады, жұмбақтар шешіліп, құстар туралы көркем шығармалармен танысамыз.

Ал құстардың өздері ұнататынын тағамын жеуді бақылау қандай керемет сезім екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес, олар жеміс-жидектердің тек тұқымдарын ғана шоқып жейді, ал жұмсағын жемейді. Ары қарай біздің бақылауымыз орталықтың аумағында өтетін танымжорықта жалғасады,  өзімізбен бірге құстарға арналған әр түрлі тәтті-дәмділерді алып, жемшашарларды азықтарға толтырамыз және құстардың азық жеуін қызықтаймыз. Күз кезінде құстарға арнап біз шетен жемісін жинап- кептірдік, ал қысқы уақытта бұл біздің құстарымыз үшін ең сүйікті тағам. Кептірілген шетен жидектері мен күнбағыс тұқымын жемшашарға сепкенде, құстар ағаш бұтақтары арасынан біздің іс-әрекеттерімізді мұқият қадағалап отырады. Көзге тартымды құстар әдемілігімен және әсем әндерімен бізді үлкен қуанышқа бөлейді. Біз құстарды бақылауды жалғастырамыз!

Дүйсенова Балауса,

«Орнитология» үйірмесінің тәрбиеленушісі,

жетекшісі- Бажакова Диана Токтагановна,

Семей қ. облыстық балалар биологиялық

орталығының қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.