Саналы өмірі еңбек ерлігіне арналған…
Валерий Николаевич еңбектегі өмірін халыққа қызмет етуге және балаларды тәрбиелеуге арнап келеді. Ұлағатты ұстаз, жан-жақты дамыған өнегелі тұлға! Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің 4-ші съезінің делегаты, Елбасының «Мұғалімдер күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты қабылдауының, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бойынша парламенттік тыңдаудың қатысушысы.
Басқару қызметіндегі жетістіктері үшін бірнеше рет Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің, облыстық білім басқармасының және Семей қаласының білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталған. Ерең еңбегі Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгісімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, республиканың кәсіподақ комитеті желісі бойынша білім саласына қосқан үлесі үшін медалімен бағаланған. 2010 жылы Валерий Николаевичтің еңбек өмірбаяны «Қазақстанның болашағы- дарынды балалар» республикалық энциклопедиясына «Оқу орындарының үздік басшылары» тарауына енгізілді. 2011 жылы Астана қаласында білім беру қызметкерлерінің республикалық форумының қатысушысы болды. 2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің және республикалық оқу-әдістемелік орталығының «Жүз даңқты қосымша білім беру» байқауының жеңімпазы дипломымен марапатталды. 2017 жылы білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің грамотасымен марапатталды. Валерий Николаевич епті ұйымдастырушы, шаруашылықтың да қыр-сырын жетік меңгерген, осы қабілеттерінің нәтижесінде Полковничий аралында орналасқан биологиялық орталықты халық атап кеткендей «жұмақ бұрышына» айналдырған. Өмірлік тәжірибесін ұжым қызметкерлеріне дарытып, табиғатты сүюге, аянбай еңбек етуге құлшындырады. Көзі тірісінде ескерткіш қоюға лайық адамдардың бірі- Валерий Николаевич десек, артық айтпаймыз! Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнымен қатар оқу-тәрбие үдерісін қоса қамтитын көрнекті табиғи базасы үшін басымызды иіп, шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ал бұл қазынаның тұғыры жас натуралистік қозғалыстан, дәлірек айтқанда, ел басына төнген экономикалық қиындықтарға қарамастан 1938 жылы құрылған биологиялық станциядан басталған. Жергілікті энтузиастардың арқасында 1940 жылы биостанцияда жануарлардың 40 түрі, штатта 13 адам болған, соның ішінде ботаника, зоология, геология және археология үйірмелерін жүргізетін төрт педагог қызмет жасаған. Жылдан жылға станцияның материалдық- техникалық базасы жақсарып, үйірмелердің саны өскен. 1990 жылдардағы тоқырау кезеңіне қарамастан Валерий Николаевичтің басқаруымен көзге ілінбейтін жас натуралистер станциясы жаңа сатыға көтерілді – облыстық балалар биологиялық орталығы мәртебесіне ие болды, тек қала көлемінде ғана емес, республикаық деңгейде экологиялық бағыттағы қосымша білім берудің көшбасшысы атанды.
Бүгінгі күні биологиялық орталық – ашық аспан аясындағы «тірі табиғат зертханасы», оқу материалдарын, кәсіби деңгейдің барлық ресурстарын қамтитын экологиялық-биологиялық бейіндегі әлеуметтік ұйымдардың бірі. Оқу-тәрбие үрдісімен жыл сайын 57 бейінді үйірмеде 800-ден астам тәрбиеленуші білім алады. Күзгі, қысқы және көктемгі демалыс күндері бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін орталықта 1500 оқушыға мақсатты шаралар ұйымдастырылады.
Тірі табиғаттың адамға, әсіресе балаға берер әсеріне баға жетпейді. Биологиялық орталықтан алған тамаша сәтіңізді елестетіңізші! Адамзат баласына тыныштық, байсалдылық, тазалық сезімдерін сыйға тартады. Осы ғажайып сезімдер- Валерий Николаевич және оның ұжымы еңбегінің нәтижесі!
Валяева Клавдия Сергеевна-
қосымша білім беру саласының ежелгі қызметкері
және «Рахат» сауда үйі ұжымының 20 қызметкері
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты



