Аквариум- жасанды экожүйе

Балықтар десе, біз оларды өзендерде, көлдерде, теңіздер мен мұхиттарда жүзіп жүргенін елестетеміз. Табиғат балықтарды түрлі-түсті реңге бояған: қызыл, сары, жасыл, көк, ақ және қара, сонымен қатар жолақты, теңбілді түрлері де көпшілік.

Дене пішініне қарай олар жапырақ сияқты жалпақ, бөшке сияқты домалақ. Су мекендеушілерінің сыртқы пішінінен басқа да құпиялары жеткілікті. Кейбір балықтар дағдыларға тез үйретіледі, кейбіреуі ультракүлгін сәулелерді көреді. Әрине, адамдар табиғаттың осы ғажап құбылыстарын бақылауды жақсы көреді. Сол себептен  балықтарды тек табиғи мекендейтін ортада ғана емес, жасанды экожүйелерде қызықтау үшін аквариумды ойлап тапқан.

Ежелгі грек және мысыр ғалымдарының еңбектерінде (Цицерон, Аристотель, Теофраст және Сенека) аквариумдар және рим ақсүйектерінің үйлері мен бақшалардағы писциндердің (латын сөздер pisces — балық) сипаттамасы кездеседі. Ежелгі Рим философы және оратор Цицерон Римде балықтарды тек ермек үшін емес, сондай-ақ тәжірибе мен бақылаулар жүргізу мақсатында алғашқы қадамдар жасаған. Қытайда, Кореяда және Жапонияда балық өсірумен ежелден айналысқан. Күншығыс еліндегі сәндік балық шаруашылығын дамыту туралы алғашқы мәліметтер 996-жылы көрсетілген. Алғашқы аквариум XIX ғасырдың ортасында Англияда жасалған. Ал “аквариум” ағылшынша (“aquarium”) сөзін натуралист Филипп Генри Госсе ойлап тапқан. Ресейде аквариумда балық өсіру, өткен ғасырдың соңғы ширегі мен осы ғасырдың басына келеді. Жануарлар мен өсімдіктерді жерсіндіру орыс қоғамының қызметімен тығыз байланысты. 1899 жылы Мәскеуде аквариумдар мен террариумдардың әуесқойлар үйірмесі құрылған, сол жылы алғашқы көрме де өткізілді. 1905 жылы үйірме аквариум және бөлме өсімдіктерін сүйетін Мәскеу қоғамына айналған.

Бүгінгі күнде бөлмедегі аквариумдарда балықтардың 1000-нан астам  түрі өмір сүреді, олардың жалпы санының 4 пайызын құрайды; Отаны болып Азия, Африка, Америка көлдері, тропикалық және субтропикалық өзендері саналады. Біздің биологиялық орталықтағы аквариум балықтары да осы континенттердің өзендері мен теңіздерінің өкілдері. Аквариумдағы балықтар балалардың назарын өзінің сыртқы келбетімен еліктіріп қана қоймай, ой-өрісін дамытады, әлем табиғатын қорғау негіздерін қалыптастырады, биология, химия, физика, география пәндері бойынша білімдерін тереңдетеді және жауапкершілік сезімдерін арттырады. “Табиғат және біз” үйірмесінің бағдарламасына балаларды аквариум балықтарын күту және тамақтандыру ережелеріне оқытуға арналған практикалық сабақтар енгізілген. Практикалық жұмыстар барысында, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, жас натуралистер балықтарды масалардың құрттарымен, дафнидермен (ұсақ шаян тәрізділер) және гаммарустармен (шаяндар) қоректендіреді. Балықтарды тек рацион мөлшерімен тамақтандырады. 15-20 минут ішінде балықтар ұсақ омыртқасыздарды жеп тауысады, содан кейін тамақ берер алдында сөндірген компрессорлар мен сүзгілерді қайта қосады. Бұл құралдар аквариумда балықтардың өмір сүрулеріне қалыпты жағдайды сақтау үшін қажет. Өйткені аквариум су толтырылған үлкен ыдыс емес. Бұл балықтардың жайлы өмір сүруі үшін барлық қажеттіліктер ескерілген тұтас жасанды экожүйе. Мысалы, біздің орталықтағы бір аквариумда тұқытісті бір топ өкілдеріне жататын ең танымал  балықтың гуппи мен қылыштәріздес екі түрі өмір сүреді, шыққан жері- Оңтүстік Америка. Алабұға өкілдеріне жататын цихлозомдар бөлек аквариумда, олар өзара жақсы үйлеседі, бірақ балықтың басқа түрлерін ұнатпайды және аумағына жүзіп келген кез келген балыққа шабуылдайды, тіпті өзінен үш есе үлкен болса да. Сондықтан аквариумдардағы балықтардың түрлік және сандық құрамдарын бақылау қажет, олардың орнын ауыстыру – “көшіру”, экожүйедегі тепе-теңдікті бұзуы мүмкін. Өте әсем, баяу жүзетін скалярий балықтары цихловтар отбасына жатады, олар көбіне қалың өсімдіктер арасында жүзеді, сондықтан қара жолақты, күміс түсті жарты айға ұқсас денелері аса байқалмайды.  Аквариум әдемілігімен қоса психологиялық денсаулыққа пайдасы зор. Сауда-саттыққа салу себебінен табиғи ортадағы балықтардың көптеген түрі жойылу шегінде, соның ішінде тропикалық балықтар да бар. Жасандылығына қарамастан, аквариумдар экожүйе ретінде балық түрлерінің табиғи популяцияларын қорғауға, сақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді.

 

Султабаева Сулушаш Зедаевна

Облыстық балалар биологиялық орталығының

 «Табиғат және біз» үйірмесінің

 қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.