Семей қаласы Бүкіләлемдік тазалық күніне ат салыса қатысты! Біз жарадық!

2018 жылдың 15 қыркүйегі – Бүкіләлемдік тазалық күні. Қоқыстарды біржолата  бірлесіп  тазарту деген  ой 2008 жылы Эстонияда туындаған, сонда өз еркімен жиналған халықтар ,табиғаттағы барлық қоқыс қалдықтарынан  бір күннің ішінде  тазартып тастаған.  Сонда 50 000 өз еркімен келгендер 10 000 тонна қоқыс жинап оны ресми қоқыс тастайтын жерге апарып тастаған.

Бұл акцияның жетістіктері бүкіл әлем халқын тамсандырған, сол себепті де «Let’s  Do It!» («Біз оны жасаймыз»).  атты влонтерлік қозғалысының туындауына әкеліп соқты. Биылғы жылы таза әлемді – оңтайлы өзгерту акциясына 155 елдер қатысты соның ішінде Қазақстан да бар!

Барлығымыз әртүрліміз. Бірдей адам болмайды. Бізді тек тері мен көз түсімен, шаш ұзындығымен, ұлтымыз бойынша ажыратуға болады… Алайда көптеген адамдарды біздің балаларымыздың болашағы қандай болады ?, – деген сұрақ мазалайды.Жер шарымызда қоқыс қалдықтарының арасында өмір сүру ме,әлде бір бірімізбен ортақ тіл табысып, сонымен қатар табиғатпен де тіл табысуғы тырысып, әлде өзге жолды таңдауымыз керекпіз. Қазіргі таңда бұрын соңды болмаған  адамзат алдында табиғатқа деген өз қарым-қатынасын өзгерту қажеттілігі туралы сұрақ туындауда. Қазір тұрмыстық қалдықтары мен қоқыс қалдықтары туралы мәселе бүкіл әлемді алаңдата бастады. Күннен күнге жаңа аумақтар ластанып жатыр, қалдықтарды рұқсатсыз тасталған орындар көбеюде. Ал егер бүткіл ғаламшарымыздағы қоқыс қалдықтарын бір жерге жинасақ, онда Эльбрус тауымен бірдей болады, себебі ғаламшарымыздағы бір тұрғынға жылына бірнеше тонна қоқыс шығатын сияқты. Ал егерде ғаламшарымыздағы бүкіл қоқыс – қалдықтарын теңестірсек, онда адамның тізесімен тең болады. Ал бұл дегеніміз өте қорқынышты көрініс!

Қазақстанның 17 қаласының ішіндегі бірі – Семей қаласы да осы Бүкіләлемдік Тазалық Күніне қатысты. Біздің қаламыздың 1500 астам халқы туған қаламыз Семейімізді қоқыс қалдықтарынан тазарту үшін өз күштерін біріктіріп, ат салыса қатысты. Біздің қаламыздың тұрғындары заңсыз орын алған қоқыс қалдықтары жиналған жерлерге қарсылық танытты.  Бір күн ішінде 22 аумақ жер тазаланып, 500 астам қап қоқыстары жиналды. Белсене қатысқандар: Түрксіб ЖОББМ,Жарқын ЖОББМ, №15 ЖОББМ, №20 ЖОББМ, №26 ЖОББМ, №28 ЖОББМ, №30 ЖОББМ,№37 гимназия, №40 ЖОББМ, №44 ЖОББМ, № 48 ЖОББМ .

Жинастыру орталығы ретінде, қаламыздың ішіндегі жасыл алқапты Полковник аралы  болды. Бұл жинастыру жерінде 100 астам адамдар қатысты; «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК ұжымы, 18 қала мектептерінің педагогтері (№ 7 лицей, № 38 ЖОББМ, № 1 ЖОББМ,,№ 37 гимназия, № 2 ЖОББМ,,№ 12 ЖОББМ,, № 16 Т.Аманова атындағы ЖОББМ, №27  ЖОББМ,, № 44 ЖОББМ, № 30 ЖОББМ, № 36 ЖОББМ,) және де қала тұрғындары қатысты. Біз 6 куб қоқыс қалдықтарын жинадық, әсіресе полиэтилен мен пластик қалдықтары.

Қаланы немесе бүкіл елді қоқыстан тазартудың өзі – бір қадам! Ғаламшарымыздағы тазалық сүйікті қаламыздың бір бұрышының тазалығынан басталады.  Әрбіріміздің  күш салысуымыздың өзінде бір мән мағына бар!  Бәрінде тазалыққа ат салыса қатысуға мүмкіндік бар, ең бастысы сол тазалықты сақтай білу! Жек үлес қосу – әрбір істің сәтті бастамасының бірі!

Сіздің қолыңыздан көп нәрсе келеді, соны біле тұра түк жасамаған, ең үлкен қателіктің бірі. Қолыңыздан келгенді жасай біліңііз!

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.