(KZ) «Қазақстан- ұлы тұлғалар елі»: биологиялық орталығындағы шабыт мерекесі
«Қазақстан- ұлы тұлғалар елі»: биологиялық орталығындағы шабыт мерекесі.
Облыстық балалар биологиялық орталығында Қазақстан тарихы, ғылым және мәдениетіне зор үлес қосқан көрнекті тұлғаларға арналған «Қазақстан- ұлы тұлғалар елі» атты әсерлі әрі есте қаларлық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты:
1. Юннаттарды Қазақстанның көрнекті тұлғаларының өмірбаяны, жетістіктері мен шығармаларымен таныстыру.
2. Олардың топта жұмыс жасау дағдыларын, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеттері мен зейінің дамыту.
3. Қазақстанның мәдени мұрасына деген құрметі мен мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Іс-шараның алғаш сәттерінен бастап юннаттар салттанатты атмосфераға енді.
«Ұлы тұлғалар әлеміне саяхат» деп аталған байқаудың бірінші кезеңінде Қожа Ахмет Яссауи, Төле би, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Федор Достоевский, Николай Пржевальский және өзге де танымал тұлғалардың суреттері мен қысқаша өмірбаяндары берілген презентацияларды тамашалағаннан кейін юннаттар ерекше қызығушылық танытып, тарихи тұлғалардың есімдерін әсем суреттер арқылы таба білді.
Келесі кезең олардың шығармаларына арналды және бұл сайыста балалар белсенділік танытты. Сондай-ақ бағдарламаның маңызды сәттерінің бірі- Абай және Ф. М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайларына сырттай саяхат жасау, мұнда балалар ұлы ақын-жазушылардың өмірбаяны мен қаламыздың көрнекті орындарының тарихымен танысты. Бағдарламаның негізгі бөлімдерінде юннаттар ұлы тұлғалардың поэзиялық өлең жолдары мен театрланған қойылымдарын назарымызға ұсынды.
Байқаудың «Болашаққа жолдау» почтасы атты интерактивті аймағын ерекше атап өтсе болады, себебі бұл станцияда юннаттар ұлы тұлғалардың жетістіктерімен шабыттанып болашақ ұрпаққа тілектерін жолдады.
Аталған іс-шара мәдени мұраны насихаттауға бағытталған іс-шаралар циклінің бір бөлігі болды.
«Қазақстан- ұлы тұлғалар елі» іс-шарасын қорытындылай келе « Біздің тарихымыз бен мәдениетіміз бірегей, ал болашағымыз – өз қолымызда» екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


